Қостанайда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Бүгін «Бекет-2022» кешенді оқу-жаттығуы аясында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы облыс орталығында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы мәлімдеді.

Оқу-жаттығу барысында полиция департаменті және Ұлттық ұланның арнайы жасақтарының күшімен Қостанай қаласының ғимаратында (шартты түрде) тұтқынға алынған адамдарды босату мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығуларының мақсаттары орындалды.

Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарына сабырлылық пен түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз.

 

Фото: ҚазАқпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...