Қостанай облысында «Торғай — Шилі — Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
26 наурыз күні «Торғай — Шилі — Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұл жерде полиция қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етіп жатыр.