Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай қаласында А. Мамин мен Р. Головченко ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жобаларымен танысты. ...
Толығырақ »ganibet
Қостанай облысында жол-көлік апатынан үш бала қаза тапты
26 маусымда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында Renfult-Sandera көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жүк көлігін басып озған кезде Lexus-пен соқтығысқан деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renfult-Sandera автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы, екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста көз жұмды. Осы көлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды. фото: дереккөз
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов журналистерді мерекемен құттықтады
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ашық ақпараттық кеңістіктің дамуы жағдайында журналистиканың рөлі күн сайын күшейе түсуде. Қостанай журналистикасы әрқашанда бүкіл республиканың БАҚ редакциялары үшін үздік кадрлар ұстаханасы болып саналды. Біздің журналистердің материалдары оқырмандар мен көрермендердің қызығушылығын тудырады. Ал жобалар бірнеше рет ...
Толығырақ »Ауыл әкімдерін сайлауға 4,7 млрд теңге бөлінеді
Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 24 мамырда Президент «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізді. Онда ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің шығындары қарастырылған. Бюджет туралы заңда ОСК-ның ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуіне осы жылдың ...
Толығырақ »Димаштың әнін скрипкада тамылжыта орындаған қостанайлық ару желіде жұлдыз болды (ВИДЕО)
Елордалық Әсел Мекебаева Қостанайда туып-өсіп, 6 жасынан бастап қаладағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепте оқыған. Егіз бауырымен бірге өнер жолын қаршадайынан бастаған талантты ару жақында Димаш Құдайбергеннің «Аққулар махаббаты» әнін скрипкада тамылжыта орындап, көптің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап. Осы орайда портал тілшісі дарынды қыздан сұхбат алып, оның өнерге қалай келгенін біліпті. Әсел Мекебаева төрт жасында теледидардан ...
Толығырақ »«Сотқа беремін!»: Қостанай әуежайында зейнеткерді темір қоршау басып қалды
Алматылық Наталья Кабеева есімді әйелді Қостанай әуежайында қоршау басып қалды. Салдарынан ол ұшақтың орнына операция үстелінен бір-ақ шықты. Қызының айтуынша, әуежай әкімшілігі бұл жағдайға мүлдем немқұрайлылық танытқан. Әйел көмексіз қалған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. Зейнеткер Наталья Кабеева Қостанай әуежайындағы қоршаудың астында қалған. Ол қызы Ольгамен бірге Алматыға ұшуы керек еді, бірақ әуежайға кіреберістегі баспалдақта төтенше жағдай болды. “Ол төмен түсіп, темір ...
Толығырақ »Торғайдың Толағайы дүниеден өтті
Пауэрлифтингтен бірнеше мәрте республика чемпионы, ардагер ұстаз Мәлік Баймағанбетов жетпістен асқан шағында ауыр науқастан көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК басылымына сілтеме жасап. Спортшының есімі Солтүстік өңірде кеңінен танымал. Ол 1977 жылы Павлодарда өткен Қазақ ССР Студент жастарының чемпионатында қоссайыс нәтижесінде 177,5 келі салмақты бағындырып, 52 келі салмақ дәрежесінде облыс рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған. Араға ұзақ уақыт үзіліс салған ...
Толығырақ »Қостанайда 155 волонтёр билік уәде еткен өтемақыны ала алмай жүр
Олар қыс бойы қарттар мен мұқтаж жандар үйін қардан тазалап, басқа да шаруасына көмек берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы шеңберінде әрқайсысына 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін төленуі тиіс еді. Бірақ уәде етілген сома сегіз айдан бері әлі жоқ. Бұған Білім және ғылым министрлігінің өтемақы төлеудің тиянақты механизмін әзірлемеуі себеп болған. Студенттерді ...
Толығырақ »Маусымда Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады
Синоптиктердің болжауынша, маусым айында құрғақшылық болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан территориясының басым аумағындағы ылғалдылық статистикалық болжамына сәйкес, маусым айында ылғал жеткіліксіз болады деп болжайды. «Ақмола (Жақсын ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), ШҚО (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжанады», — деп ...
Толығырақ »Қостанайдың қақ ортасында әйел адамды өлтіріп кетті
Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство. Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері ...
Толығырақ »