Қостанай облысының Арқалық қаласында «Домбыра» композициясының ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл жоба «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолға алынды. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 70 см. Қаңқасы темірден жасалып, сырты синтетикалық материалмен қапталған. Құны 950 мың теңге болатын мүсіннің авторы Амангелді ауданының жас кәсіпкері Жасұлан Нұрбаев. Мүсіннің лентасын қию құрметі мәдениет қайраткерлері ...
Толығырақ »ganibet
Қостанайда қыздарды жезөкшелікке жеккендер ұсталды
Қостанай облысының полицейлері «STOP трафик» жедел-алдын алу шарасы аясында қыздарды жезөкшелікке салған 2 жеңгетайды анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыстың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша 2 фактіні (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, ұстау және жеңгетайлық) анықтады. Сондай-ақ, рейдтік іс-шара барысында полицейлер қала аумағында ақшалай сыйақы үшін жыныстық қызмет ...
Толығырақ »Ұлы Абай – би әрі дала заңгері
Кез келген халықта рухани және өнегелік ұстындары болады. Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы қазақ халқының ой-санасындағы осындай іргелі ұстындардың бірі болып табылады. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақын мұрасының өзектілігін нақты атап өтті. Ғалым-заңгер ретінде мен оның құқықтық идеяларына тоқталғым келеді. Абайдың 15 жасынан бастап сот талқылауларына қатыса бастағаны мәлім. 20 жасында от ауызды, орақ ...
Толығырақ »Президент Архимед Мұхамбетовке өңірдегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. «Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық ...
Толығырақ »Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі бұл туралы инстаграм-парақшасында жазды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын» деп жазды ол. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраған Архимед Мұхамбетов барша жұртқа зор денсаулық пен амандық тіледі. «Өзіңізді күтіңіз!» деп жазды әкім.
Толығырақ »Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері: Емдеу мекемелерінде орын тапшы
Қостанай облысында соңғы күндері коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалды. Осыған байланысты өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері үндеу жариялайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қостанай облысының мемлекеттік санитар бас дәрігері Владимир Нечитайло аймақта күн сайын шамамен 50-100 адам індет жұқтыратынын, ауруға шалдыққандар саны 518 адамға жеткенін айтады. «Апта сайын сырқаттану жағдайының өсуін талдаймыз. 8-14 маусым аралығында аурудың ...
Толығырақ »Бүгіннен бастап Қостанай облысында карантин шаралары күшейтіледі
23 маусым, яғни бүгіннен бастап Қостанай облысында карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің үндеуі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның осы жылдың 23 маусымынан 30 маусымына дейін карантин режимін күшейту жөнінде шешім қабылдады. Сонымен, облыста келесі гектеу шаралары енгізіледі: 1. Меншік нысанына қарамастан(кезекші топтарды қоспағанда) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін ...
Толығырақ »Федеров ауданында жоғалып кеткен баланың денесі судан шығарылды
Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 20 маусым күні Федоров ауданында тұратын 8 жасар бала үйінен шығып, содан қайтып оралмаған. «ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік сақтаңыздар», — деп ескертті ведомоствоның баспасөз қызметі.
Толығырақ »Қостанайда балабақша тәрбиешілері коронавирус жұқтырған
Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. «Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі» делінген департамент хабарламада.
Толығырақ »Торғай даласынан «Алтын адам» табылды
Торғай даласынан сақ дәуіріне жататын «Алтын бұйымды адамның» қорымы табылды. Археологтар мұндай көне жәдігер бұл өлкеде алғаш рет кездесіп отырғанын айтады. Яғни, аймақтың тарихы үшін «Алтын адам» табылғанымен бірдей. Қос өзен тоғысып, жазық пен тау сілемдері түйіскен тұс – көне сақ тайпаларының қорымы болғанға ұқсайды. Осы жерде 20 шақты обаның орны бар. Қазба жұмыстары 2017 жылы басталыпты. Содан бері төрт ...
Толығырақ »