ganibet

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды: Карплюктің орнына Ионенко келді

Бұған дейін Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенко облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Виктор Николаевич Ионенко — Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің ...

Толығырақ »

«Биленбеген вальс»: жаныңа жылулық сыйлайды

Əскери жазушыдан кейін прозаға қалам тербеген тағы бір Бауыржанның жинағымен таныстық. Жуырда. 150 беттік шағын жинаққа қаламгердің бірнеше әңгіме, новелласымен қатар мысалдары да еніпті. Өзіміз ұнатып оқитын жасөспірімдер тақырыбы. Автор кітабына бір әңгімесінің атауын қойған екен – «Биленбеген вальс». Әуелі «Қысқы орман» деген қысқа әңгімесін демде оқып шығып едік, іле «Жазда жауған бұршақ» новелласына бас қойып кетіппіз. Бұдан ары «Шортан», ...

Толығырақ »

Ұлттық өнерді ұлықтаған ұстаз

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою ойып, өрнек салу, сондай-ақ, құрақ көрпе тігу оңай іс емес. Елімізде өнердің бұл түріне қызығатындар аз емес, бірақ Қостанай облысында, дәлірек айтсақ, Тобыл қаласында бұған сұраныс жоқтың қасы көрінеді. Бұл туралы бізге сол қалада тұратын Анар Дәулетова есімді қолөнер шебері айтты.  Маталардың тігісін үйлестіріп, ою ойып, ...

Толығырақ »

Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады

Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оның айтуынша, елімізде өнеркәсіп салалары ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсеткен. Машина жасау саласы 16,3 пайызға артса, автомобиль құрастыру саласы 51,8 пайыздық өсіммен саланың драйвері ...

Толығырақ »

«Оның жетеуі — 6 жасқа дейінгі бала»: Қостанай облысында мектеп асханасынан 11 адам уланып қалды

Қостанай облысының Тимофеев ауылындағы мектеп-интернатта бірнеше адам тамақтан уланып қалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Оның жетеуі – алты жасқа дейінгі бала болса, қалған төртеуі – шағын орталық қызметкерлері. Олардың барлығына «асқазан-ішек жолдарының қабынуы» деген диагноз қойылды. Тексеріс барысында науқастардың тамақтан уланғандығы анықталған. Зертханалық сараптама да  сальмонелла диагнозын растады. Қазір олар Әулиекөл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ...

Толығырақ »

Сүндет Байғожин Қостанай облыстық филармониясына басшы болды

Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   — Қостанай облыстық филармониясының басқару міндеті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сүндет Абдрахманұлы Байғожинге жүктелді. Қостанай өңірінің талантты тумасы туған жерде бар күш-жігерін салып еңбек етіп, үлкен шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейді деп сенім артамыз, — деп жазды Е. Қалмақов.

Толығырақ »

Биыл Қостанай облысының 140 кәсіпорны мемлекеттік қолдауға ие болды

  2020 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бизнесті жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 24 млрд теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде 140 кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсетілді. Қордың кепілдігін 3,5 млрд теңгеге 104 кәсіпкер иеленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Даму» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Пандемия болған соң ҚР Үкіметі ШОБ мемлекеттік қолдау бағдарламасына бірқатар маңызды ...

Толығырақ »

«Бұл жарғанат қой!»: Қостанайда супермаркеттен шу шықты (видео)

6 қыркүйекте кешке Қостанай қаласының тұрғыны супермаркеттен тамақ сатып алған, соның ішінде жылтыр қаптамадағы көк-сөк те бар. Таңертең балаға сэндвич жасайын деп әлгі қаптаманы ашқан әйел шыңғырып, жыбырлаған нәрседен бүкіл денесі түршіккен деп хабарлайды zakon.kz. — Кешке жылтыр қаптаманы тоңазытқышқа салып қойғанмын. Таңертең оны алып, жапырақтарын суға салып жуа бастадым, сол кезде бір дыбысты естідім. Жылтырдың шытыры шығар деп оны елемедім. Жапырақтарды ...

Толығырақ »

Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100  комбайн жұмылдырылған, ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...

Толығырақ »