ganibet

Қостанай облысында түнде тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде 14 қыркүйекте күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ кейбір облыстарда тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы секундына ...

Толығырақ »

Әбілфайыз Ыдырысов өмірден озды

Танымал журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті. Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» (бүгінгі «Ұлан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ радиода, республикалық басылымдарда тынымсыз еңбек етті. Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден ...

Толығырақ »

Журналист Рудныйдағы пәтерінен өлі күйінде табылды

Солтүстік Қазақстанда шығатын «Игілікті іс» («Хорошее дело» — ред.) газетінің журналисі Сергей Петренконың Қостанай облысы Рудный қаласындағы пәтерінде мәйіті табылды. «Біздің Қостанай» сайты «алдын ала ақпарат бойынша, Петренконың жүрегі тоқтап қалған» деп жазады. «Наша газета» сайты Петренконың туыстарына сілтеп, журналистің кеше, 11 қыркүйекте қоңырауларға жауап бермегенін жазады. Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан. Биыл қаңтарда 42 жасқа толған Петренко мектеп ...

Толығырақ »

Торғай жұрты айтыскер ақын Айбек Қалиевпен кездесті

Бүгін Жанкелдин ауданының орталығы — Торғайда Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рахмет саған, туған ел!» жобасы аясындағы Ішкі саясат бөлімінің «Жаса, жайна Туған жер» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша және Б.Хамзин атындағы Өнер мектебінің ұйымдастыруымен Торғай жерінің тумасы, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиевпен кездесу кеші өтті. Кеш ең алдымен Торғай мұражайлар кешенінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы әдеби мұражайында ақынға арналған ...

Толығырақ »

Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы: Жігіттердің ата-анасы жәбірленушіге қарсы шағымданбақ

Арқалық қаласындағы қыз зорлау оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда, оқиға куәгерлерінің ата-аналары жәбір көрген қызға қарсы шағым түсірмек деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Іс материалдарына сүйенсек, Арқалық қаласы Екідің ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 14 адамның зорлағанын айтып, белгілі адвокат Айман Омароваға  хат жазған. Жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін айтып, заңгерден көмек сұраған. Бұл факт бойынша қостанайлық ...

Толығырақ »

Елбасы тапсырмасы: Nur Otan Қостанайдағы құрылыс нысандарына қатысты талапты күшейтпек

NurOtan партиясы Қостанай облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жиында Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша қоғамдық бақылауды орнату кеңінен сөз болды. Облыстық бақылау комиссияның төрағасы Михаил Дәуеновтың айтуынша, партиялық бақылауды күшейтіп, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі тетіктерін түсіндіру жұмыстары қолға алынбақ. «NurOtan партиясының экономиканы дамытуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда, барлық санаттағы халықтың жағдайын жақсартудағы ...

Толығырақ »

Ахаң тұрған үйді қалпына келтіру үшін қаржы керек

Қостанай облысында 29 киелі жердің туристік картасы жасалды. Қасиетті нысандардың 19-ы жергілікті маңызға ие. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен үй. Алдағы уақытта бұл нысан жергілікті тұрғындардың бастамасымен қайта жаңғыртылуы мүмкін. Ұлттың ұлы ұстазы атанған Ахаңның кіндік қаны тамған осы үйдің бүгінгі жайы қандай? Осы жайында ҚазАқпарат тілшісі арнайы материал дайындаған еді. Ахаң туған үй ...

Толығырақ »

Затоболда көлік өртеніп, 2 жасар сәби күйіп қалды

Қостанай облысының Затобол елді мекенінде көлік өртеніп, екі жасар сәби күйіп қалды. Бұл туралы Қазақпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Өрт сағат 15:29-да Затобол селосындағы «Светофор» дүкенінің маңында болған. Өрт «Лада-Приора» көлігінен шыққан. «Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 15:46-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2017 жылы туған қызды 2-ші дәрежелі күйік шалды. Оқиға кезінде ол көлік ішінде ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ   Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері! Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ...

Толығырақ »

Қостанайда құл ұстап құтырған…

Қазір Қостанай облысының Меңдіғара ауданында болған адам өлімі туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 2016 жылы осы ауданда құлдықта болып, «құл иеленушінің» қолынан қаза тапқан марқұмның өліміне қатысты қылмыстың беті үш жылдан кейін ғана ашылған. – Құлдыққа түскен адамды пеш жағуға, дәретхана, қора тазалауға жеккен. Қалған уақытта қашып кетпеуі үшін байлап қойған. Әлгі марқұмның жазығы – кір қолымен кастрюльден рұқсатсыз ...

Толығырақ »