ganibet

Еңбек ардагері Әлімжан Хамилин 80 жасқа толды

Бүгін есімі Тобыл-Торғай жұртына етене таныс еңбек ардагері Әлімжан Хамилиннің туған күні. Саналы ғұмырын экономика саласына арнаған Әлекең сексеннің сеңгіріне сергек шығып отыр. Құтты болсын айтамыз! Әлімжан Хамилин 1939 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған. 1958 жылы осы аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша аяқтаған ол, Торғайда банк саласында, аудандық ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов және Қамысты аудандарына жұмыс сапарымен барып, Nur Otan партиясының жергілікті кеңсесінде тұрғындарды қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат. А.Мұхамбетовтің Nur Otan партиясы кеңсесіндегі қабылдауына екі ауданның тұрғындары жазылған. Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылының бірнеше азаматы былтыр ауыз сумен қамтылған елді мекенге енді газ құбыры тартылса игі болар еді деген тілектерін жеткізсе, Денисов ауданының тұрғындары көптен күтім көрмеген ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 84 шақырымында болған. «Жүк көлігі мен «Ауди» соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. «Ауди» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан Әулиекөл ...

Толығырақ »

Торғайда газ баллоны жарылып, 4 адам қаза болды

Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Соңғы мәлімет бойынша, Байқадамов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. «Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал ...

Толығырақ »

Жігері жасымаған Жұмагүл

1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин отырғызылғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Орталық компартияның шешіміне наразылық білдіргісі келген жастар 17 желтоқсан күні таңертең сол кездегі Л.Брежнев атындағы алаңға жиналып, шеру өткізді. Алайда жастарға «нашақорлар, маскүнемдер, бүлікшілер» деген айып тағылып, жаппай жазалауға алынды. Ақ қар, көк мұзда алаңға шыққан ...

Толығырақ »

Жанкелдин ауданында 15 қабанды жайратып салған күдікті ұсталды

Қостанайлық полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады. Олар он миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары Жанкелдин ауданының Торғай ауылында патрульдеу барысында Nissan Patrol маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонынан полиция қызметкерлері 15 жабайы қабанның терісін тапқан. «Аталған факті бойынша Жанкелдин ауданы Ақшығанақ ауылының 58 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті аң аулау лицензиясынсыз 15 ...

Толығырақ »

Ерлан ҚАЛМАҚОВ, Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы: Биыл өңірдің киелі жерлерінің тізіміне қосымша 9 нысан енгізілді

Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында киелі нысандардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жасалған Жол картасының орындалу барысы талқыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуына қарағанда, өңірде 29 киелі нысан бар. Атап айтқанда, жалпыұлттық маңызы бар – 10, өңірлік маңызы бар 19 нысан тіркелген. Олардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша ...

Толығырақ »

Рудныйда 50 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Рудный қаласының 50 тұрғыны «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Восточная» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бес қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 3900 шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 442,6 млн теңге жұмсалған. Бас мердігер – «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ. «Аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанына ...

Толығырақ »

Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды

Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында бірнеше департаменттің жаңа басшылары таныстырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Айбек Ғалымжанов Қостанай облыстық Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалды. Айбек Тойшыбекұлы 1976 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында туған. Білімі – жоғары, 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын аяқтады, біліктігі – көлік кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент. ...

Толығырақ »

2020 жылы көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы қалай өзгереді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттар мен БАҚ өкілдеріне атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  «Парламент Мәжілісі АӘК ұсынудың қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын қабылдады, оның негізгі бағыты — еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың кірістері мен мемлекеттік қолдау көлемін есепке алудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Ұсынылған шаралар ...

Толығырақ »