Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиыны барысында аймақта 2019 жылы өңірде жалпы 335,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл осы салада өсім 10 пайызға ұлғаяды.
«Былтыр жалға берілетін 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың екеуі Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында және Қобыланды батыр көшесі бойында орналасқан. Амангелді ауданында, Арқалық және Рудный қалаларында да жас мамандарға арналған тұрғын үй салынды. Биыл «Юбилейный» шағын ауданында 4 жалға берілетін үйдің құрылысы жалғасады. Қостанай ауданы Заречный ауылының «Северный» шағын ауданында жалпы ауданы 15,9 мың шаршы метр 143 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды» деді аймақ басшысы.