Талбесік

Әбілбек Нұрмағамбетұлы туралы не білеміз?!

Ахмет Байтұрсынұлының бір шумақ өлеңін айтып, сотталып кеткен Әбілбек Нұрмағамбетұлы туралы не білеміз?! Бір жайт бір нәрсеге сеп болатыны түсінікті, осыдан біраз бұрын Мақтаралда тұратын туысқандарға барып келген едім, сонда, кезінде ата-бабалары (өткен ғасырдың 20-30 жылдары) Торғайдың Батпаққарасынан кеткен бір ағайынмен сұхбаттастым. Әңгімеден әңгіме шығып, менің ауылымдағы уақытында Айса Нұрманов бастап салған Албарбөгет бөгеті туралы және Айса туралы кітаптың авторы ...

Толығырақ »

Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің немесе ақбөкеннің болашағы қандай болмақ?

Осыдан бірнеше жыл бұрын, кезіндегі вегетариан һәм жас экология министрі Зүлфия Сүлейменова 1815 құралай лағын қолға үйретеміз деп айды аспанға бір ақ шығарды, жұртшылық арасында бұл жөнінде едәуір шу шықты. Кейбір ағайындар әңгіме киікті атып алу жөнінде деп қате түсінген сыңайлы, дегенмен, Қазақстанда киік атуға мораторий 2024 жылға дейін деп тоқтатылған болатын да кейін белгілі бір мөлшерде қатаң бақылаумен атуға ...

Толығырақ »

Тарихымыз табанымыздың астында жатыр….

Естеріңізде болса былтырғы жылы Рудныйда көше атауларын ауыстыру жөнінде талқылау болғаны мәлім. Сонда жұлқынып, тістеніп: «Бұл менің қалам, сендер жатсыңдар» деген сарында бір әйелдің шыққанын да, оның видеосын көрген боларсыздар. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері бірде бір көшенің атын ауыстыруға құлықтары жоқ, қолдарынан іс келмейтін Облыстық мәдениет басқармасын ба әлде Қоғамдық даму басқармасын кінәлаймыз ба не жергілікті билік органдарының оралымсыздықтары дейміз ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ СЫБЫЗҒЫШЫЛЫҚ ДӘСТҮР

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында болған И.Андреев, Ф.Назаров, И.Липаев, П.Тихов т.б. саяхатшылар мен этнографтар қазақ даласында жиі қолданылған музыкалық аспаптардың бірі ретінде сыбызғыны атап көрсетеді. Тіпті Алексей Левшиннің жазбаларында «…қырғыздардың ең басты аспабы қобыз бен сыбызғы» деген жолдар кездеседі. Әуезі сырға толы, әуені жүрек тербейтіндей осынау ғажайып аспаптың жасалу жолы да оңай. Қолының ебі бар кез келген адам қурайдан кесіп алып ...

Толығырақ »

Шынар Серкебайқызы туралы

Шынар әжем (яғни, әкем Қорғанның анасы) туралы көп біле бермеймін, көзін де көрген жоқпын, тек әкем Қорғанның бір-екі естілігінен есімде бар. Сондықтан, әкем естеліктерін толықтыра отырып, үзінді бере кетсем. Бірінші естелігі. «Мен аштық жылдары бес-алты жасар баламын. Бiздiң әкелерiмiз бес ағайынды болыпты. Олардың үлкенi Қожайт, Смағұл, Әмiрхамза, Әмiрәлi, Сәду. Одан басқа екi қыз болды. Осылардан 31-32 жылдардың аштығынан тiрi қалғаны ...

Толығырақ »

Торғайдың Тосыны

Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып келдік, бірақ, әдеттегідей уақытымыз тығыз болды. Жалпы, сырттың ...

Толығырақ »

Торғай өңірінің туризмін дамыту үшін ең тартымды орындар

«Торғай өңірінің туризмін дамыту үшін ең тартымды және ерекше орындар қайсы деп ойлайсыз? Неліктен?» деген сұраққа жауап беріп көріп едім. Сонымен, 1. Арқалық қаласы – Торғай өңірінің туризм орталығы, яғни саяхат арқылы Торғай өңірін танимыз. 2. Арқалық қаласындағы Облыстық Дала өлкесі музейінің жәдігерлерімен танысу, мұндағы бірегей және сирек экспонаттар туристер үшін қызықты деп ойлаймын. Мәселен, Торғай өңірінің флорасы мен фаунасы, ...

Толығырақ »

Қасқыр мен ақбөкен және обал, сауап, рәсуа туралы

Туған жеріме жиі барамын, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсы білемін. Еңбек етсең елде де жақсы өмір сүруге болады. Бірақ, бір байқағаным аумағына бірнеше мемлекет сыйып кетеді деген Торғай жерінде де жайылымдық жердің жетіспеушілі байқалады. Олай дейтінім, ауылда мысалы бір отыз үй қой кезегін өткізетін болса, қазір жеті-сегіз үй қой кезегін алмастырады. Яғни, осыдан-ақ көп жайтты байқауға болар. Бір жағынан елдің ...

Толығырақ »

«Ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етті»: Міржақып Дулатұлының тойы бастау алды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қостанайда көрнекті қайраткер Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіштің ашылуына қатысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Салтанатты іс-шара барысында Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Төл тарихымызда азаттық үшін аянбай күрескен, ұлттың рухын көтеруге өлшеусіз үлес қосқан тұғырлы тұлғалар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – Міржақып Дулатұлы. Ол қазақтың асқақ арманы ...

Толығырақ »

Қазақ тілін қолдану мен тұтынуға қатысты ауылдық жерлердегі көзқарастар

Қазақ тіліне қатысты елімізде түрлі көзқарастар мен түсініктер қалыптасқан Соның ішінде кең таралған пікірлердің бірі – «Қостанай облысы – орыстілді, ал оңтүстік өңірлер – қазақтілді» деген тұжырым. Алайда бұл пікір шынайы жағдайды толық бейнелей алмайды. Мысалы, Қостанай облысының ауылдық аймақтарында халықтың басым бөлігі күнделікті өмірде қазақ тілін еркін қолданып, тұрмыста ана тіліне сүйенеді. Керісінше, оңтүстік өңірлерде, әсіресе қандастар көп шоғырланған ...

Толығырақ »