Талбесік

Тобыл өңірі тұрақты даму үстінде

tobyl-torgai.kz сайты Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің «Облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистерін жариялайды. Құрметті жерлестер! Біздің Президентіміз 2018 жылғы 10 қаңтардағы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «экономиканың орташа әлемдік деңгейден жоғары қарқынын және озық 30 елдің қатарына орнықты кіруді қамтамасыз ету» ...

Толығырақ »

ЫРЫМ

Торғай. Ұмытпасам, 1993 жыл болса керек. Тамылжыған жаз айы еді. Ыбырай Алтынсарин атамыз негізін қалаған орта мектептің 3-сыныбында оқимын. Тал шыбықты ат қып мініп жүрген кезіміз. Кей-кейде ұзын көшеге тас кірпіш қойып қақпа жасап аламыз да, футбол ойнауға кірісеміз. Одан жалықсақ, бір-бірімізбен алысып-жұлысамыз-ай кеп. Сондай ойындар қызып жатқан кез еді. Біз тұратын Партизан (қазіргі С. Мәуленов) көшесінің қиылысындағы бұрышта тұрған ...

Толығырақ »

Торғай жұртшылығы «жерді жалға бермейміз» деген министрдің сөзіне сенбей отыр

Торғай өңірінің жұрты «Ресей зымырандарының қалдықтары құлайтын жер Жангелдин ауданынан бөлінбейді» деген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі Бейбіт Атамқұловтың  сөзіне сенбей отыр. Бұл туралы бүгін Cенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Қостанай облысының Жангелдин ауданында тұратын бір топ тұрғыннан Ресей зымырандарының қалдықтары құлайтын аумақ үшін Торғай өңірінен жер бөлінуіне алаңдаушылық білдірген хаттар түсіп жатыр. Авторлар ...

Толығырақ »

Әріптесіміз Гүлім Ысмағұл өңірдегі ең жас депутат атанды

Талай біртуар дарындар берген Торғай өңірінің халқы белгілі журналист Мылтықбай Ысмағұлды жақсы білетін. Өйткені, ол өзінің жарқын дарынымен, ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасымен артына өшпес рухани мұрасын қалдырған ұлтжанды азамат еді. Ол бұл күндері арамызда жоқ болса да оның бастаған ісін, жан-тәнімен сүйіп атқарған кәсібін өзі алақанына салып өсірген аяулы қызы Гүлім ойдағыдай жалғастырып келеді. Дарынды да инабатты әріптесіміз 23 жасында Жангелдин ...

Толығырақ »

Ахаң мен Жахаң жұртына сапар

2-бөлім (Торғай даласы) Жалғасы. Басы мына жерде: http://tobyl-torgai.kz/2017/10/23/3072 Алдында жазғанымдай, Саға ауылына көп тоқтамастан Бидайық ауылына аттанып кеттік. Негізі Бидайық ауылы Қызбел ауылдық округіне жатады, ал округтің орталығы Саға ауылы. Бұған дейінгі 49 шақырым жолдан шошып келсек, одан кейінгі Саға мен Бидайық арасындағы 30-35 шақырым жолдың қиындығы одан бетер екен. Көлігіміз жолда қалса біттік қой, жолға шойтас төселген, грейдер деген ...

Толығырақ »

Мәдени серуен: Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейі туралы

1-сурет. Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінің сыртқы көрініс   Мәдени серуен: Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі туралы 2-сурет. Өзбекәлі Жәнібековке қойылған мүсін   Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі Қостанай облысы аумағындағы іргелі және тарихы тереңнен бастау алатын және 40 жыл бойы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған бірегей музей. Музейдің негізін қазақ халқының біртуар ұлы ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТ 100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ ПА!?.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ Аса құрметті де қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіз бастаған, елдің еңсесі мен рухын көтерген «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстандағы қасиетті жерлерді анықтап, сол тарихи мекендерді қадірлеп, сақтау бойынша республика көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай киелі өңірдің бірі – тарихы терең Торғай даласы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. Әлем көз тіккен ...

Толығырақ »

Ахаң мен Жахаң жұртына сапар

    1-фото. Торғай даласы   Әркімге өз туған жері ыстық, иә мен де соңғы 2-3 жыл көлемінде туған жерім Торғай туралы көп жазып жүрмін. Мақтанғаным емес өлкеміздің танылуына бір кісідей ат салысудамын, әлі де айта да жаза беремін деп ойлаймын. «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деп, дана халқымыз бекер айтпаған ғой. Әлеуметтік желіде ойымызды білдіріп, кейде ақыл айтатынымыз да ...

Толығырақ »

Жаркөлден жағымды жаңалық!

Өткен демалыс күндері Жаркөлдік азаматтардың бірігіп салған мешітінің салтанатты ашылуы болды. Сабақты ине сəтімен келіп, Торғайдағы Оспан қожа мешітінің 25 жылдығына келген құрметті қонақтар қуанышымызға ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп кетті. Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы сөз сөйлеп, айтыскер Мұхтар Ниязов арнау айтты. Ауылдағы іскер азаматтар ас берді. Ол жерде де, Торғай өңірінің құрметті, беделді ел ағалары құттықтау сөздерін ...

Толығырақ »

Торғайдағы берекелі күн

Кеше Торғай халқы берекеге шомылған мерекелі күн болды. Торғай кентіндегі Оспан қожа əулие мешіті қайта жаңғыртылып, Жаркөлде елді имандылыққа ұйытар намазхана ашылды. Осынау игілікті шараның басы-қасында жүру бақыты бұйырып, туған жерге барып қайттым. Ең алдымен Торғай мешіті туралы айта кетсек. Бұл имандылық ордасының ел тарихында орны зор. Қазақстан азаттығын жариялағаннан кейін салынған алғашқы рухани орын. Оның құрылысына сол кездегі өңір ...

Толығырақ »