Талбесік

1 қазанға дейін тұрғын үйлерге жылу беруді талап етеміз! — Арқалық қаласының тұрғындары

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке! Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевке! Елдегі тараған індеттің алдын алу мақсатында биылғы жылу беру маусымын 2020 жылдың 1 қазанына дейін тұрғын үйлерге беруді талап етеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі 29/1-бабына сәйкес әр азамат өзінің денсаулығын сақтауға құқылы. Жыл сайын жылу маусымы ресми түрде қазан айының 1-не делінеді, бірақ тұрғын үйлерге жеткенше 25 қазан болады. ...

Толығырақ »

PRIMARIES. Гүлім Ысмағұлдың сайлауалды бағдарламасы

Өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партия ішіндегі праймериз сайлауы басталды. Бүгінгі таңда осы бастама аясында беделді, көшбасшы азаматтар праймеризге қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы ретте мен де үміткер ретінде тіркеліп, елдің аманатын арқалауға бел будым. Сонымен, сайлауалды бағдарламамда төмендегі мәселелерге ерекше назар аударатын боламын. Ол – жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, шығармашыл жастарға бағыт-бағдар беру ...

Толығырақ »

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланылмай жатыр

Қостанай облыстарында жерді қашықтан зондтау пилоттық жобасының нәтижелері бойынша Жер инспекциялары берген мәліметтерден едәуір көп ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланылмай жатқаны анықталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн режимінде өткен ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім болды. Отырыста екі мәселе талқыланды: «Қазақстан Республикасында жер ресурстарын ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...

Толығырақ »

Пандемия және праймериз

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болайын деп отыр. Жер жаһанды жайлаған індеттің кесірінен елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық-саяси өмірге күтпеген өзгерістер алып келді. Осы орайда басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғаны анық. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз ...

Толығырақ »

Тобыл жағасындағы жауһар. Қостанайда қандай жаңа ғимараттар салынып жатыр?

2020 жылы Қостанай қаласында бірқатар жаңа ғимарат бой көтереді. Олардың ішінде төрт спорт нысаны бар: Мұз сарайы, шаңғы базасы, бассейн және триатлон паркі. Сондай-ақ, сауда-ойын-сауық орталығында ашық аспан астында Therma Park сауықтыру бассейндері салынады. Қазақстанда мұндай кешеннің әлі баламасы жоқ. Қаладағы ірі инфрақұрылымдық жобаларға жаңа «корей көпірі» мен аэровокзал ғимаратын да қосуға болады. Мұз сарайы салынады Жаңадан салынатын төрт ірі спорт нысанының бірі – ...

Толығырақ »

Сүндет Байғожин «Сәлем саған, туған ел!» онлайн жобасында қонақта болды

Қостанай облысында «Сәлем саған, туған ел!» онлайн жобасы басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты – әр салада табысты еңбек етіп жүрген Қостанай азаматтарымен әлеуметтік желіде байланыс ортану. «Қостанай облысында дүниеге келіп, есімі елге танылған өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен болатын сұхбаттар сериясына «Сәлем, саған, туған ел» деген ортақ атау бердік. ...

Толығырақ »

ҚАЛАМЫ АЛМАС ҚЫЛЫШТАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ҚАЛАМГЕР

немесе туған жеріне туын тігіп, найзағай ақын Назағаңнан бата алған Мылтықбай Ысмағұл туралы бір үзік сыр Айтары жоқ, шыр етіп дүние есігін ашқан тірі жанның о баста Жаратқанның кем өлшеп-пішіп берген өмірі бар. Ұзақ па, қысқама ма, бір Аллаға аян. Міне, Торғай-Тобыл өңіріне танымал журналист, жақсы жора жолдас, сыйлас Мылтықбай Ысмағұлдың жамбасы жерге тигеніне де 12 жыл болды, марқұммен жиырма ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай жұртына үндеу жолдады

Құрметті қостанайлықтар!      Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  жаңа COVID-19 коронавирус пандемиясын жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан  Республикасында төтенше  жағдайды енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай Қазақстан  Республикасының бүкіл аймағында 2020 жылғы   16 наурыз     08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуір  07 сағат 00 минутке дейін енгізіледі. ...

Толығырақ »

Шилі ауылы шөгіп барады…

«Ауыл – біздің анамыз» деуге толық хақымыз бар. Себебі, ауыл – бізді асыраушы, өмір өзегі, өнер көзі, шаруашылық пен тіршілік ошағы. Кезінде Жанкелдин ауданындағы «миллионер колхоз» атанған, мен өскен Шилі деген кеңшардың қазір орны ғана бар десек, артық айтқандық емес. Кезінде бас Шилі, орта Шилі, аяқ Шилі деген үлкен кеңшар орталығында қазір шөкімдей ғана болып қалған отыз шақты ғана үй ...

Толығырақ »