Тасжарған

Қостанай ауруханалары науқас зейнеткерді сандалтып қойған

Жуырда «Наш Костанай» редакциясына зейнеткердің немересі Әлия Бермұхамедова хабарласып (аты-жөні өзгертілді), 26 қарашада шамамен сағат 18:00-де әжесі өзін нашар сезінгенін айтқан. Әлия жедел жәрдем шақырып, оларды облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «НК» басылымына сілтеме жасап. — Алайда, онда да, перзентханада да қажетті гинеколог-хирургтар болған жоқ. Содан кейін бізді қалалық ауруханаға жіберді. Рас, ол жерден бізді тез қуып ...

Толығырақ »

Қостанай қаласының әкімдігіне хабарласып, «мұрным бет болды!» — журналист

Белгілі журналист Дәуренбек Әбдібек мемлекеттік тілді білмейтін әкімдік қызметкерлеріне ашуланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі пост авторына сілтеме жасап. Қостанай қаласы әкімдігінің жауапты органдарынан қазақ тілінде ақпарат ала алмай қиналған әріптесіміз  Фейсбуктегі парақшасында пост жазды. «Жұмыс барысында ақпарат алмақ болып Қостанайдың қай жауапты орындарына қоңырау шалсаң да, көбіне орыс тілінде жауап естисің. Қазақ тілінде сөйлесетіндер өте аз. Сұқбат беретін адам мүлде… ...

Толығырақ »

Рудныйдағы Мүгедек және жетім балалар үйіндегі сұмдық жағдай (видео)

Nur Otan партиясының өкілдерін шошытты Аты-жөнінің орнына нөмір, бірнеше күн бойы өз құсығына ұйықтап жатқан балалар… Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршіндер үйін тексерген комиссия жаға ұстап отыр деп хабарлады Астана телеарнасы.  Қостанай облысының Рудный қаласындағы Мүгедек және жетім балалар үйінде физиологиялық әрі психологиялық ауытқуы бар балалар жағдайы жантүршігерлік. Балалардың қараусыз келгені былай тұрсын, оларды атымен де атамаған. Бұл фактілерді Nur ...

Толығырақ »

Мектебіміздің шалғайға көшірілуіне қарсымыз!

Қостанай қаласының әкімдігі қаладағы Алтынсарин көшесі, 107 мекен жайда орналасқан бастауыш білім беретін №24 мектеп-гимназияны Бородин көшесі 138/1 бойында тұрған бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратына көшіруге шешім қабылдағалы отыр. Керісінше, гимназия ғимаратын балабақша етпекші. Кеше осы мәселеге қатысты Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов білім ордасында ата-аналармен кездесу өткізді. Билік тарапы мен ата-аналар бір шешімге келе алмадық. Бұл 20 жылдан астам тарихы ...

Толығырақ »

Торғай жері Ресейдің сынақ алаңына айналатын болды

Ресей зымырандары «қазақ жеріне құлауға» кезекті мәрте рұқсат алды. Ресейлік зымырандарды сынақтан өткізу үшін Қостанай облысы Жангелдин ауданында алты мың гектар жер бөлінеді. Жақында Қазақстан Үкіметі осы мақсаттағы келісімнің жобасын мақұлдады. 23 мамырда Үкімет қаулысымен мақұлданған келісімде Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. Келісім жобасында: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан солтүстік бағыттағы жаңа трассамен «Союз-2» типті зымыран тасығыштарды ұшыру, осы сынды ...

Толығырақ »

Астананың автобустары неге «адасып» жүреді?

Биыл қаңтарда елімізде қоғамдық көлік пен такси қызметін пайдаланғандар саны 1,8 миллиард адамға жеткен көрінеді. Бұл туралы таяуда ranking.kz жазды. Сайттың хабарлауынша, бұл – өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Сондай-ақ жолаушылардың 75,5 пайызы автобусқа мінгенді жөн көрген. Елімізде, соның ішінде астаналық ағайын да қоғамдық көлік қызметін жиі пайдаланады. Алайда, күткен автобусың кейде уақытында келмей, зықыңды шығарады. Оны айтасыз, ...

Толығырақ »

Шмидт мырза неден шошыды?

5 наурыз күні tobyl-torgai.kz сайты Арқалыққа қарасты Ашутасты елді мекеніне бір аш шибөрі кіріп кетіп, екі адамды талап тастағанын жазған болатын.  Келесі күні Халықаралық «Қазақпарат» агенттігі Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап, ауыл тұрғындарын әбірге салған қасқыр емес, «қасқырға ұқсайтын қаңғыбас ит» деп хабарлады. Сондай-ақ агенттік «куәгерлердің сөзінше, бұл кезбе ит расымен де қасқырға ұқсайды» деп ...

Толығырақ »

Қостанайлық шенеуніктер «Нұрлы жерді» бизнеске айналдырған

Мемлекет басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасын қостанайлық шенеуніктер бизнеске айналдырған деп жазады zhasalash.kz. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қарамағындағылардың дәл Президент бағдарламасын майшелпекке айналдырғаны жөн болмады.  Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатқан. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі  Нұржан Жахиннің айтуынша, облыстық және қалалық әкімдік қызметкерлері 30 миллион теңге көлемінде пара алды ...

Толығырақ »

Жеріміздің қалай уланып жатқанынан еш хабарымыз жоқ…

1 микрограмм гептилдің 1 литр суға ерітіндісінің өзі адамды сеспей қатырады. Гептил синиль қышқылынан 6 есе улы. Әлемде тек Ресей ғана (Қытай аз мөлшерде қолданады дейді) қолданады. Басқа ешбір ел қолданбайды! Гептил ыдыраған кезде сұмдық зиянды мутаген шығарады. Гептилмен ластанған су бірнеше жылға дейін, топырақ ондаған жылға дейін залалсызданбайды. Ол жинала береді, сұмдық тажалдың әсері 20-30 жылдардан соң білінеді, бірақ ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық ауруханасы науқастарға неге қырын қарайды?!

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қостанай облыстық ауруханасына шағым айтқан Жанкелдин ауданы Торғай кентінің тұрғыны Ләззат Жармақ өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. Онда ол облыстық аурухана қызметкерлерінің сорақы қылығына ашынып, жанайқайын жеткізеді. Әңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық. Денсаулығы нашарлап, Қостанай облыстық ауруханасына барған Ләззат Жармақ ондағы медицина қызметкерлерінің, нақтырақ айтсақ, гинеколог-дәрігер Шавелеева Альбинаның ауруының асқынғанына қарамастан, өзіне ...

Толығырақ »