1 микрограмм гептилдің 1 литр суға ерітіндісінің өзі адамды сеспей қатырады. Гептил синиль қышқылынан 6 есе улы. Әлемде тек Ресей ғана (Қытай аз мөлшерде қолданады дейді) қолданады. Басқа ешбір ел қолданбайды! Гептил ыдыраған кезде сұмдық зиянды мутаген шығарады. Гептилмен ластанған су бірнеше жылға дейін, топырақ ондаған жылға дейін залалсызданбайды. Ол жинала береді, сұмдық тажалдың әсері 20-30 жылдардан соң білінеді, бірақ ...
Толығырақ »Тасжарған
Қостанай облыстық ауруханасы науқастарға неге қырын қарайды?!
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қостанай облыстық ауруханасына шағым айтқан Жанкелдин ауданы Торғай кентінің тұрғыны Ләззат Жармақ өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. Онда ол облыстық аурухана қызметкерлерінің сорақы қылығына ашынып, жанайқайын жеткізеді. Әңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық. Денсаулығы нашарлап, Қостанай облыстық ауруханасына барған Ләззат Жармақ ондағы медицина қызметкерлерінің, нақтырақ айтсақ, гинеколог-дәрігер Шавелеева Альбинаның ауруының асқынғанына қарамастан, өзіне ...
Толығырақ »«Куттыалап — ужасное название…»
немесе Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасы кімнің мүддесін көздеп отыр? «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» Бұл қалмақ қарғысы деседі, расында бүгін бір жайт осы мақалды еске түсірді. Біздің Тобыл-Торғай өңірі құстың қос қанатындай өлке ғой, облыстың жартысын Торғай өңірі алып жатса, қалған жартысын Тобыл аймағы құрайды. Алайда, Торғай өлкесінде облыс халқының 10 проценті ғана тұрады. Енді ол туралы айтпай-ақ қояйын, ...
Толығырақ »Мұхамбетов Тәуелсіздік күнін тәрк етіп отыр ма?
«Атың шықпаса, жер өрте» деген сүйкімсіздеу сөзді бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке қарата айтудың реті келіп отыр… Қазақ халқы Тәуелсіздік күні мерекесін асыға күтіп жүргенде, Мұхамбетов дәл 16 желтоқсан күні Қостанайдың қақ ортасына биіктігі 22 метр болатын жаңажылдық шырша тікпекші. «Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі» ...
Толығырақ »Болшы бекем, Торғайым!
Құт мекенім айықпастай қайғы алды. көрді қауым басынан бақ тайғанды. Бөкендердің жайылымы болған жер, Бөтендердің қоқысына айналды. Ұлыларым ұлықтаған бұрынғы, Қарт Торғайдың халі нашар бүгінгі. Баға жетпес анамдай ең ардақты, Нақ цифрмен белгілепті құныңды. Алған қаржы қай жыртықты жамасын, Жан жарасын қай дәкемен таңарсың. Жер-ана деп жар салуда адамзат, Жалға берген жан бар ма екен анасын. Халық кетсе дала боздар ...
Толығырақ »Рудныйдың мәслихат депутаты жеңгетайлықпен айналысқан ба?!
Рудныйда жас қыздарға қалталы азаматтар мен қомақты табыс табатын жұмыс тауып беріп, жеңгетайлықпен айналысқан қалалық мәслихат депутатының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі today.kz сайтына сілтеме жасап. Жыл басынан бері Рудный аумағында «жеңгетайлық» бабы бойынша 3 факті тіркелген. Солардың бірінде танымал тұлға әрі шенеунік Юлия Каралаш бар. Мәслихатта ол жастар саясаты мен экология комиссиясының құрамына кірген. Депутаттың жеке ...
Толығырақ »Торғайлықтар полигонға түбегейлі қарсы!
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мырзаға Торғай елі халқы атынан Наразылық арыз Құрметті азаматтар! Қазір Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметке, яғни Сіздерге бар билікті берді. Сондықтан ол кісіге арызданбас бұрын осы бір шұғыл шаруамызды алдымен Сіздерге жолдап отырмыз! Біз бұл арызды қазақтың қара шаңырақтарының бірегейі, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның, ұлт ұстазы ...
Толығырақ »«СКАТ» әуе компаниясының әлегі!
Бүгінгі күнге дейін қай жаққа ұшсам да Астана әуежайынан тікелей ұшатын едім. Осы жолы әртүрлі себептерге байланысты Грузия астанасы Тбилисиге билетті 20 ақпан күні онлайн тәртібімен «СКАТ» әуе компаниясының сайтынан сатып алдым. Бәрі дұрыс, сайт мақұлдап, кәртішкемнен қаражатты сыпырып алды. Яғни, Астана — Ақтау — Тбилиси — Ақтау — Астана бағытына ақшамды төлеп, билетті қалтаға салып қойдым. Сонымен, жоспарлаған уақыт ...
Толығырақ »Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!
Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік. Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну! Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық. Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. ...
Толығырақ »Бойжеткеннің өліміне «бір жапырақ қағаз» себеп болды ма?!
Осыдан біршама уақыт бұрын Қостанай облысы Константиновка ауылының 22 жасар тұрғыны — Айгүл Құсайынова есімді мұғалім қыздың дәрігерлердің немқұрайлылығынан қайтыс болғаны туралы хабар тарап, тіпті, оның өлер алдындағы хаты әлеуметтік желіде пайда болған еді. Айгүлдің ата-анасы оның өмірден ерте кетіп қалуына «медициналық көмек тіркелген жерде ғана көрсетіледі» деген ереженің себеп болғанын алға тартады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Астана» телеарнасына сілтеме ...
Толығырақ »