Таспа

Құмар Ақсақалов Арқалық қаласының дамуы туралы кеңес өткізді (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласын дамыту туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Толығырақ облыс әкімдігінің төменде көрсетілген YouTube-арнасынан көрулеріңізге болады. Фото: gov.kz

Толығырақ »

Қостанай облысы әкімінің орынбасары кеңсесінде не жасырады?

Қостанайда облыс әкімі орынбасарының кеңсесі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  2024 жылдың қараша айының соңында шенеуніктердің бірінің кабинетінде кедергісіз жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы ақпарат тарады. Онда 2024 жылдың шілдесінде қызметке кіріскен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина есімі айтылады. Ақпаратқа сәйкес, ол қызметке тағайындалғаннан кейін бірнеше ай өткен соң кеңсесіндегі құрылыс нормаларын бұзып, қосымша жуынатын бөлме орнатқызған. ...

Толығырақ »

Өмірге «Жаңа Өмір» келді

Қостанай облысы қазақ тілді жаңа басылыммен толықты. Сөйтіп, Торғай аймағында алғашқы жаңа газеттің тұсауы кесілді. Газет Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің рұқсатын (лицензиясын) алып, енді міне газеттің алғашқы саны жуырда жарыққа шығады. Басылым Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап ел арасына шығып, халықтың тыныс тіршілігін көрсететін баспа болады ден үміт артамын. Амангелді Серікұлы басқаратын «Жаңа Өмір» атты аймақтық қоғамдық-саяси ...

Толығырақ »

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуының өзекті мәселелері халықаралық конференцияда қарастырылды

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тозып, ластануы мәселесі қазіргі таңда аса өзекті мәселеге айналып отыр. Астанада осы тақырыпта өткен халықаралық конференцияда қатысушылар осы тақырыпта бірқатар ұсыныстарды алға тартты. Шараны Қазақстандағы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, Жаһандық экологиялық қоры ауыл шаруашылығы және экология және табиғи ресурстар министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырды. Қазақстандағы ауқымды жер ресурстары қазір күрделі экологиялық проблемаларға ұшырап отыр. Шаруашылық мақсатында ...

Толығырақ »

Ақсақалов доғарысқа кет

Қостанай облысының әкімі Арқалық қаласына, Жанкелдин және Амангелді аудандарына барған кездесулерін қарадым. Арқалықта айтатыны: «қала іргесінен Ұлытау облысы жағына қарай жолды жөндеп жатырмыз». Шындығында, жол сапасы нашар, жазда барған кезде ойылып қалғанын көрдім. Әйтеуір қалада жаңадан бір мектеп пайдалануға берілді. Суға кеткен ауылдардың халқын қалаға көшіріп алғаннан басқа ештеңе бітірмеді. Негізінде, ауылдағы халыққа жағдай жасау керек еді, бір мектеп салуды ...

Толығырақ »

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. Мысалы, қазір не көп, жеңіл, ойсыз қазақша кино көп, әрине, сынауға болады, бірақ, бастысы аталған фильмдер уақыт өте келе саннан сапаға өтеді деп санаймын!Екінші, «Нурикамал» фильміне жаңағы тұрғыдан қараймын, бір жағынан кейбір адамдар бұл не, қалай біреудің күйеуі өзге қызға қарайды деген сарында біржақты ойлайды. ...

Толығырақ »

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз. Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек ...

Толығырақ »

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да ...

Толығырақ »

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Қарин өзінің әкімшілік аумағын аралау барысында, жазатайым оқиға туралы хабар алды. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына дереу жетті. Оқиға болған жерде бірнеше адам жиналып, әйелді шығаруға тырысып жатты. Әйел тереңдігі 4 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен. Су деңгейі беліне дейін жеткен. Полиция қызметкерлері ...

Толығырақ »

Көшбасшы: Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 150 пайызға көбейген

Қостанай облысы Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санының өсімі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жыл басынан бері аймақтағы апаттар саны 150,6 пайызға, ал жарақат алғандар саны 132,5 пайызға көбейген. 8 айдың ішінде облыс жолдарында 36 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала. Қала маңындағы трассаларда жол апатының негізгі себептері олардың қауіпсіздігіне көз жеткізбестен жиі басып озатын жүргізушілердің абайсыздығы мен ...

Толығырақ »