Таспа

Маркетплейстер контрафактінің таралу орнына айналып барады

Әділет органдарының қызметіндегі бағыттардың бірі – зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру екендігі белгілі. Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Әсел Сибагатованың айтуынша, қазіргі таңда құқық иеленушілер тарапынан шағымдар көп түсуде. Құқық иелері тауарлық белгілерге қатысты жиі шағымданады. Олардың тауарлық белгілерге құқықтары жиі бұзылуда. Атап айтқанда, сатушылар маркетплейстік тауарлардағы тауарлық белгілерді олардың ...

Толығырақ »

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Полиция полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растады. Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ...

Толығырақ »

Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол 1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді журналистика мамандыеғы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғаммен ...

Толығырақ »

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы Батырбек Ахметовпен әңгіме өрбітіп, Қордың алға қойған мақсат-міндеттерін таныстырды. Басты құжат Үндеу-Манифестің мазмұнымен танысқан Батырбек Мықансалықұлы негізгі бағыттардың өзектілігіне тоқталып, сәттілік тіледі. «Әсіресе, Заң алдындағы теңдік ¬– өте маңызды. Өз ісіне жауапкершілік алмайтын органдар бар. Соның салдарынан азаматтардың құқығы тапталып жатады. Мұндай келеңсіздікке жол бермей, ...

Толығырақ »

Қостанайда жеке сот орындаушы борышкердің 6 млн теңгесін қалтаға басқан

Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де адамдардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды. Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Соның аясында биылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен келісімшарт жасалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне күн сайын қар жамылғысының ғарыштық мониторингінен суреттер келіп түседі. Сонымен қатар облыстың 6 ауданындағы (Жангелдин, Науырзым, Әулиекөл, Қарасу, ...

Толығырақ »

Қостанайда әйел өзін өртеп жіберді

Оқиға Қостанайдағы «Складская» көтерме-бөлшек сауда алаңында болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әйел үстіне белгісіз зат құйып, өзін өртеп жіберген. Кәсіпорын аумағында төтенше жағдай орын алды. Полиция фактіні растады. «Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды» деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. ...

Толығырақ »

Қостанайдағы ет комбинаты ісі бойынша 49 адам күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысындағы департамент «BEEF EXPORT GROUP» компаниясының ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс тергеу аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Құзырлы орган аталған адамдар тобы ұзақ уақыт бойы «Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеу ...

Толығырақ »

Қостанайлық тәрбиеші балаларды ұрған: желіде тағы бір видео пайда болды

Желіде әуелі мұғалім ұл баланы ұрып, оны кілем бойымен қолынан сүйреп, орындыққа отырғызып жатқан кадрлар пайда болды. Алайда кейінірек бұл видео архивтен тәрбиеші басқа балаға қол көтергеннен кейін анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды ORDA.KZ. Рамишка қасықты түсіріп алған, ол оған айқайлап, қасықты итке бергендей лақтырады. Рамишка екі қолын бетіне жақын ұстап жылайды. Мұғалім оны ұрып, тырнап алады, — дейді зардап ...

Толығырақ »

Қостанайда пәтерден қарасора өсіретін фитозертхана анықталды

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Лабораторияны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да (жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары) болды. Қостанай облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 ер адамды ұстады. Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора ...

Толығырақ »