Тұлға

«Қостанайда Бейімбеттің музейі болуы тиіс!..»

Қазақ әдебиетінің Би-ағасы – Бейімбет Майлиннің кіндік қаны тамған жер Әйет өзені бойында жатыр. Тобылдың арналы саласы толықсып ағады. Қазақ даласының тастақты, қыратты келетін бір сұлу өңірі бұл. Жылдың төрт мезгілінде асыл тастың қырындай құлпыратын, көкмайса жазы, сарыала тон кигендей күзінің көркемдігі көрген жанның есінен кетпейді. Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің: «Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ, Сары жайлау, сабатына бие байлап, Отырып ...

Толығырақ »

Мемлекет қайраткері Ерік Асанбаевқа туған жерінде ескерткіш орнатылды

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының орталығында белгілі мемлекет қайраткері Ерік Асанбаевқа орнатылған ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанаты өтті. Экономист ғалым Ерік Асанбаев — еліміз Тәуелсіздігінің іргетасын қаласқандардың бірі. Ол сонау нарық екі өкпеден қысқан қиын жылдары өте жауапты жоғары лауазымдық қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі қызметінде жүргенде Берлин қаласында Абайға көше атын беруге көп еңбек сіңірді. Ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатында аудан басшылары, Ерік ...

Толығырақ »

Әбілфайыз Ыдырысов өмірден озды

Танымал журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті. Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» (бүгінгі «Ұлан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ радиода, республикалық басылымдарда тынымсыз еңбек етті. Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден ...

Толығырақ »

Қазақтың Қойшығарасы

Қазекем өмірге ұл келсе, «қой­­шы» келді деп сүйінші сұрап жа­татын. Сол ырымды ұстанған Қой­шекеңнің ата-анасы Алланың ұл бергеніне шүкіршілік жасап, аман-есен қарайып жүрсе екен деп баласының есімін Қойшығара қойған секілді. Олардың үміті ақталып, Қой­шекең алдымен жас та болса ауыл азаматы қатарына қосылды. Одан соң университет бітіріп, та­нымал журналист болды әрі жазушылықты қатар игере жү­ріп, біраз кітаптың авторы да атанды. Жазу-сызуға ...

Толығырақ »

Биағаңның есімі кітапханаға беруге сұранып тұр

Қостанайдағы Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға Би-ағаның атын беру керек. Қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды аяулы азаматтарымыз бір жылы туып, бір жылы өмірден өтті (1894 — 1938). Қатар туған жұлдыздар шын мәнінде ұлт әдебиетінің жұлдызына, ұлт руханиятының асқарына айналды. Биыл осы үш азаматтың туғанына — мерейлі 125 жыл! Көкейде жүрген бір ой: Сәкен атында Астананың қақ төрінде ...

Толығырақ »

Қостанайлықтар Ғафу ақынды еске алды

Қостанайдағы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында аса көрнекті ақын Ғафу Қайырбековті 90 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті. Жиналғандарға ақын туралы деректі фильм көрсетілді. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ақынның туғанына 90 жыл толуына байланысты шаралар оның туған жерінде кеңінен аталып өткенін айтты. «Ғафу ақынның туғанына 90 жыл толуына арналған үлкен іс-шара Астанада өтті. Туған жері де ...

Толығырақ »

Міржақыптың абақтыда көрген азабы аз емес

Түрмеде екенмін деп түңілмей, қайта жан-жағындағы серіктеріне көмек қолын созу – Алаш көсемі Міржақып Дулатұлы үшін жазылмаған заңдылық болды. Ол бостандықта жүріп жиған-терген білімін, бүкіл тәжірибесін, қолынан келген бар көмегін түрмеге топырлап түсіп жатқан түркітектес бауырларынан еш аянып қалған жоқ, тіпті өз денсаулығының мүшкілдігіне қарамай, ақырғы демі шыққанша Алаш жұрты үшін аянбастан қызмет атқарды. «Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, ...

Толығырақ »

Ғафудан қалған сөз еді

Мен қазақтың қанатты ақыны Ғафу Қайырбековтің өмірдегі, өлеңдегі інісі ретінде де, бір өзеннің суын ішіп, бір топырақты басқан туысы тұрғысынан да көп араласып, көп сырласқанымды ел біледі. Сексенінші жылдар ішінде Ғафе­кең­мен «Жұлдыз» журналында қызмет істеудің нәтижесінде ол кісінің көп әңгі­мелерін тыңдап, көкірегімде сақтап, жадымда қалдырған жайым бар. Ғафекеңнің осынау 90 жылдық торқалы тойында Ғафе­кеңнен естіген әңгіме­лерін елге жеткізгенді жөн санадым. ...

Толығырақ »

«Мен де қайта туып көрейінші…»

1988 жыл болатын. Ғафаңның 60-жылдық мерей тойы Арқалықтан басталды. Арқалық қаласында облыстық партияның бірінші хатшысы қатысқан шығармашылық кеш Горняк мәдениет үйінде өтті. Одан кейін Амантоғайда, Аманкелді ауданында аталды. Жолдағы совхоздар Абай, Албарбөгеттен де күтіп алып, қонағасы берушілер болды. Торғайда Ғафаңның ата бабасының туған жері Шұбалаң деген жер бар. Шұбалаң мен аудан орталығының арасында «Ғ.Қайырбеков атындағы оқушылар лагері» бар. Ғафаң, Бәдеш ...

Толығырақ »