Тәуелсіздік алған жылы, яғни 1991 жылы Қазақстан халқының саны 17 млн-ға тақау болған еді. Ал, соңғы деректерге жүгінсек еліміздегі халық саны 18,5 млн-нан асқанын көріп отырмыз. Яғни, осы уақыт аралығындағы өсіміміз бар болғаны 1,5 млн. адамды құраған, Еуропаның бес Франциясы сыйып кететін Қазақстан үшін бұл өте аз сан. Әрине, табиғи өсім болды, 1 млн-ға жуық этникалық қандастарымыздың атажұртқа оралуына қарамастан, ...
Толығырақ »Тұрмыс
«Облыс бюджетінің ауқымды бөлігі Арқалыққа кетеді. Осылай жалғаса бере ме?»
Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар Арқалық қаласына бөлінетін бір миллиард теңгеден астам қаржыны мақұлдады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жиынға халық қалаулыларынан бөлек облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Олар өңір бюджетінен үнемделген қаржыдан түрлі қажеттіліктер үшін 1,2 млрд теңгеден астам ақша бөлді. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам ...
Толығырақ »Қиянатқа қарсы тұрған газет
Қазақтың маңдайына біткен марғасқа тұлғалары қызмет еткен «Egemen Qazaqstan» газеті биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын барынша сән-салтанатпен атап өтіп жатыр. Еліміздің бас газеті осы кезеңдерде небір тарихи сәттерді бастан өткергені анық. Талай адамның тағдырына араласып, әділет жолында құрбан болған азаматтарға қамқор болғаны да рас. Тіпті біздің отбасымызға қиындық туған сәтте де көмекке келген еді бұл басылым. Тағдырдың жазуына қарасайшы, бүгінде ...
Толығырақ »Студенттік жатақханалар құрылысын өз бақылауыма аламын — Архимед МҰХАМБЕТОВ
Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында студенттік жатақханалардың құрылыс мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қостанай облысында Автомобиль жолдары, Политехникалық және Медициналық колледждер студенттері үшін жатақханалар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк атап өткендей, жатақхананың құрылысы ауылдық жерлердегі жастарды тұрғылықты баспанамен қамтамасыз етуге және 1250 студенттің өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта екі жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. ...
Толығырақ »Астықты өңірде нан бағасы қымбаттап кеткен
Архимед Мұхамбетов өңірдегі азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Республикадағы ұн өнімдерінің 30%-тен астамы Қостанай облысында өндіріледі. Соған қарамастан, облыста жыл басынан бері ұн өнімдері мен күріш, қарақұмық, картоп, сәбіз, картоп, жуа, сары май, ет, сүт тауарларының бағасы едәуір қымбаттаған. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуі жұртты алаңдатып отыр. ...
Толығырақ »Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы: Жігіттердің ата-анасы жәбірленушіге қарсы шағымданбақ
Арқалық қаласындағы қыз зорлау оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда, оқиға куәгерлерінің ата-аналары жәбір көрген қызға қарсы шағым түсірмек деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс материалдарына сүйенсек, Арқалық қаласы Екідің ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 14 адамның зорлағанын айтып, белгілі адвокат Айман Омароваға хат жазған. Жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін айтып, заңгерден көмек сұраған. Бұл факт бойынша қостанайлық ...
Толығырақ »Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері! Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ...
Толығырақ »Қостанайда құл ұстап құтырған…
Қазір Қостанай облысының Меңдіғара ауданында болған адам өлімі туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 2016 жылы осы ауданда құлдықта болып, «құл иеленушінің» қолынан қаза тапқан марқұмның өліміне қатысты қылмыстың беті үш жылдан кейін ғана ашылған. – Құлдыққа түскен адамды пеш жағуға, дәретхана, қора тазалауға жеккен. Қалған уақытта қашып кетпеуі үшін байлап қойған. Әлгі марқұмның жазығы – кір қолымен кастрюльден рұқсатсыз ...
Толығырақ »Әсия БЕРКЕНОВА, ақын: Қостанайда қазақ тілінде білім беретін 16 мектеп бар (Видео)
«Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебін жабайын деп жатыр» деген дақпыртқа өз пікірімді қоспақпын. Өтіріктен бастау алған жалғандықтың тамыры терең болмас. Біріншіден, Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар. Мақала иесі айтып отырған 24 бастауыш мектеп тоқсаныншы жылдардың ортасында əйтеуір бір қазақ мектебін ашып алайық деген мақсатпен балабақша ғимаратында ашылды. Сол ашылған сəтте бірден бұл уақытша мектеп екені, мұнда ...
Толығырақ »Қостанайдағы қазақ мектебі шалғайға көшірілмейді
Abai.kz порталы жазған қала орталығындағы тар ғимаратқа орналасқан №24 бастауыш мектепті қойма-қопсысы көп, күйі қашқан «Строитель» ауданындағы кең ғимаратқа көшіру туралы қала әкімінің бастамасы қостанайлық ата-аналар тарапынан қолдау таппағаннан кейін, шешім кейін қайтарылды. Биліктің жұртшылық пікіріне құлақ асуы – құптарлық көрініс. Бірақ бізде билік алдымен шешім қабылдап, сосын жұрт шуласа, шегіне бастайтын әдет қалыптасып келеді. Бұл орайда билік жүйесінде қалыптасқан шешім қабылдаудың ...
Толығырақ »