Қазақстандық 80 жастағы зейнеткер Ресейдегі ғашығына жете алмай отыр. Алғашқы махаббатын 65 жыл өткеннен кейін тапқан ақсақалды көші-қон құжаттарын дұрыс рәсімдемегені үшін көршілес елден депортациялаған. Бұл туралы arasha.kz сайты жазды. Романтикалық оқиға сонау Кеңес Одағында басталыпты. Александр Крум мен Ольга есімді сұлу Қазақстанда оқып жүргенде танысады. Үш жылғы достықтары сүйіспеншілікке ұласады. Бірақ Оля оқуын жалғастыру үшін Пермь қаласына кетеді. Александр ...
Толығырақ »Тұрмыс
Ұлттық өнерді ұлықтаған ұстаз
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою ойып, өрнек салу, сондай-ақ, құрақ көрпе тігу оңай іс емес. Елімізде өнердің бұл түріне қызығатындар аз емес, бірақ Қостанай облысында, дәлірек айтсақ, Тобыл қаласында бұған сұраныс жоқтың қасы көрінеді. Бұл туралы бізге сол қалада тұратын Анар Дәулетова есімді қолөнер шебері айтты. Маталардың тігісін үйлестіріп, ою ойып, ...
Толығырақ »Биыл Торғай боксит кен басқармасы жұмысын тоқтатады. Кеншілердің жағдайы не болмақ?
Иен даладан қала тұрғызуға себепкер болған Торғай боксит кен басқармасы пайдалы қазбаның бітуіне байланысты жұмысын 2021 жылдың аяғына дейін толықтай тәмамдайтыны айтылып келген болатын. Алайда, пандемиядан кейін күрт нашарлаған әлемдік экономикалық ахуалдың кесірінен кәсіпорын өз қызметін жоспарланғандай келер жылы емес, биыл аяқтамақ. Ал осында еңбек етіп, нәпақасын тауып келген 500 адамның болашағы қалай болмақ?! Бұл туралы Арқалық қаласы әкімдігінің facebook-парақшасында ...
Толығырақ »Жұрт жұмысты интернеттен іздейді: Елімізде екі қолға бір күрек таппағандар саны 442 мыңнан асты
Биыл бірінші тоқсанда елімізде 442, 4 мың жұмыссыз тіркеліпті. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің шамамен 40%-ы немесе 176,3 мыңы ауылдық жерлерде тұрады деп жазады BAQ.KZ. Finprom.kz сайтының хабарлауынша, елдегі халықтың жұмыспен қамтылмауының негізгі себептері жұмыстан өз еркімен босау (110, 5 мың адам) және жұмыс табу мүмкіндігінің болмауы (102,4 мың адам) салдарынан екен. Талданып отырған кезеңде 125, 4 мың адамның ...
Толығырақ »«Қазір адамдар күн сайын көз жұмып жатыр»: қостанайлық дәрігерлер жұмысқа шығудан бас тартты
Бүгін Қостанай облысында індет жұқтыру жағдайы бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетіп, бір күнде бірден 48 науқастан Covid-19 анықталды. Күн санап асқынып бара жатқан күрделі ахуалға қарамастан, бір-екі күн бұрын уақытша провизорлық стационар қызметіне көшкен қалалық аурухананың бірнеше дәрігері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Басты себеп – аса қауіпті аймақ саналатын провизорлық стационардағы қарапайым санитарлық талаптардың сақталмауы. Провизорлық стационарда жұмыс істейтін ...
Толығырақ »Қорқор шегетіндер коронавирустан қорықпай ма?
Елімізде COVID-19 індетіне сенбейтіндер, өкінішке қарай, азаймай тұр. Күніне, тіпті санаулы минуттарда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатқаны, сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігі қанша ескертіліп жатса да, пандемияға пысқырмайтындар бар. Олар маска кию, қолды антисептикпен өңдеу секілді негізгі талаптарды орындамай отыр. Елорданың кейбір қоғамдық орындары да шектеуге шекесінен қарайтындай. Егер бұлай жалғаса беретін болса, елордада карантин күшейтілуі мүмкін. Мұны біз емес, ...
Толығырақ »COVID-19: Індеттің екінші толқыны қашан болады (видео)
Қазақстанда қыркүйекте тұмау вирусымен қатар коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық эпидемиологтармен өткен видеоконференция барысында айтты деп хабарлайды «Бірінші Еуразия арнасы». Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың көбі тұмауға қарсы вакцина жасауы керек, бұл өте маңызды. «Әзірше ешкім гипотезаны жоққа шығарып отырған жоқ. Жазда да бұл індет тарауы мүмкін, күзде де болады» деді Асфендияров атындағы зерттеу жұмысы ...
Толығырақ »«Бұл өтірік показуха ғой»: Арқалық қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады
Жуырда Арқалық қаласының әкімі Қ.Әбішев азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (балконды, пәтерді жөндеу, су құбырын тарту, коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу) және Родина орта мектебін жөндеу мәселелері бойынша 7 адам қабылданды. Қала әкімі жеке қабылдау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктеме берді. Сонымен қатар бірқатар ...
Толығырақ »Қостанай облысында бюджеттік ұйымдар үшін ауызсу бағасы қымбаттайды
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі тек бюджеттік ұйымдар үшін ғана қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркебұлан Файзуллаев мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. Кәсіпорын директорының айтуынша, тұрғын үй секторлары үшін жаңа жылдан бастап суық су тарифі көтерілмейді. «Біздің кәсіпорын халықтың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды. Бір жағынан тұтынушылар берешегі азайып, қаржыны игеру көрсеткіші артты. Сонымен қатар ...
Толығырақ »Еңбек ардагері Әлімжан Хамилин 80 жасқа толды
Бүгін есімі Тобыл-Торғай жұртына етене таныс еңбек ардагері Әлімжан Хамилиннің туған күні. Саналы ғұмырын экономика саласына арнаған Әлекең сексеннің сеңгіріне сергек шығып отыр. Құтты болсын айтамыз! Әлімжан Хамилин 1939 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған. 1958 жылы осы аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша аяқтаған ол, Торғайда банк саласында, аудандық ...
Толығырақ »