Қазақ қара сөзiнiң, оның iшiнде әңгiме жанрының майталман шеберi Бейiмбет Майлиндей саңлақ қаламгердiң кейiп-кеспiрi қалмай, көзi мағынасыз бақырайып, әшейiнде маңдайынан қайырылатын күтiмдi шашы удар-дудар болып түскен суретi кiтап мұқабасының сыртында. Ерiндерi iсiнiп, бет-аузы домбыққан, телiмi шыққан қайран ер бүгiн бiздiң алдымызда осы сәтсiз бейнесi көзге тосылып тұратынын ойлады ма екен?! Кiтап авторының құпия орында — КГБ архивінде сақталған қолға түспес ...
Толығырақ »Таңдаулы
«СКАТ» әуе компаниясының әлегі!
Бүгінгі күнге дейін қай жаққа ұшсам да Астана әуежайынан тікелей ұшатын едім. Осы жолы әртүрлі себептерге байланысты Грузия астанасы Тбилисиге билетті 20 ақпан күні онлайн тәртібімен «СКАТ» әуе компаниясының сайтынан сатып алдым. Бәрі дұрыс, сайт мақұлдап, кәртішкемнен қаражатты сыпырып алды. Яғни, Астана — Ақтау — Тбилиси — Ақтау — Астана бағытына ақшамды төлеп, билетті қалтаға салып қойдым. Сонымен, жоспарлаған уақыт ...
Толығырақ »Андраш Жолт БИРО, Венгрия антропологиялық институтының профессоры: Кейкі батыр қазақтың мүддесін қорғауды мақсат етті
Таяуда Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт БИРОМЕН әңгімелескен едік. – Биро мырза, ел аузында есімі «Кейкі батыр» деп құрметпен аталатын Нұрмағамбет Көкембайұлының бас сүйегіне Венгрияда реставрация жасалғаны белгілі. Бір ғасыр бұрын мерт болған батырдың бас сүйегін антропологиялық тұрғыдан қалпына келтіру барысында қандай соны технологияға сүйендіңіздер? – Мажарстандағы антропология институты – еліміздегі ең ірі ғылыми орталықтың бір ...
Толығырақ »Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ КҮДІК
(әңгіме) Айдын үйге қатты ашуланып кірді. «Қап, бәлем, сол Айдосты ма! Бір күні сазайын тарттырайын мен оның. Әлі кішкентай ғой деп аяп жүрсем… Әйгерімнің көзінше ұятқа қалдырғаны-ай…» деп, қабырғаға ілінген әйдік айнаның алдында тұрған орындыққа отыра кетті. Әйгерім – осы ауылдағы ең сүйкімді, әдемі қыз. Айдын 3-«А» сыныбында, ал Әйгерім 3-«Б» сыныбында оқиды. Осы қызды алыстан көре қалса болды, Айдынның ...
Толығырақ »Төлен ӘБДІКҰЛЫ: Араку тайпасын өзім ойлап таптым
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Төлен Әбдікұлының қай шығармасы болсын – ойландырады, толғандырады, жүрегіңді қозғайды, жаныңды тазартады, рухыңды шыңдайды. «Өліара» романы, «Әке», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы», «Тұғыр мен ғұмыр», «Оралу», «Ақиқат» хикаяттары, «Оң қол», «Қонақтар», «Қайырсыз жұма», т.б. әңгімелері – қазақ әдебиетінің алтын қорынан ойып орын алар кесек туындылар. Ізгілікке іңкәр жүректердің гимніндей «Біз үшеу ...
Толығырақ »Таранды қашанғы «тайраңдатып» қоямыз?!
Өзі туып-өскен ауданға Бейімбет Майлиннің есімін беруіміз қажет! Қазақ әдебиетінде өзінің орнын ойып алған ірі тұлға Бейімбет Майлинді қазаққа таныстырып жатудың өзі де артық-ау. Өткен ғасырдың сонау 1930-жылдарынан бастап әдебиет есігін имене ашқан қаламгерлердің барлығы да алдымен Би-ағаның шекпенінен шықты. Оның шығармалары өткен ғасырдың ортасына дейін жазылса да, бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Шығармалары арқылы Би-ағаның өзі де бүгінгі кем-кетігімізге ...
Толығырақ »Ахмет Байтұрсынұлы туралы 30 факт
Ол – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол – қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы. Білдей «Қазақ» газетінің бас редакторы, Алаш Орда үкіметінің белсендісі, ақын, қоғам ...
Толығырақ »Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!
Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік. Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну! Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық. Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. ...
Толығырақ »Араб елін 130 жылдай басқарған қыпшақтар. Олар кімдер?
Қыпшақ даласында кіндігі кесіліп, қысыл-таяң кезеңде құлдыққа сатылып, кейін Мысырды басқарған Сұлтан Бейбарысты білмейтін адам кем де кем. Бірақ Араб сахарасында әмірін жүргізген қыпшақтар Бейбарыспен шектелмейді. Одан кейін билікке Хасан, Қалауын, Қайтпай секілді сұлтандар келді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. Мәселен, 1348-1361 жылдары тақта отырған Сұлтан Хасанға арналып салынған мешіт әрі медресе. Сәулеті таңдай қақтырады. Бүгінде Каирге келген қай қонақ болмасын ...
Толығырақ »Қостанай облысының әкімі «Триумф» жеңімпаздарын марапаттады
Биыл Қостанай облысында 24 оқушы мен жаттықтырушылар, ұстаздар “Триумф» байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатына өңірден 150 үздік оқушылар мен жас спортшылар шақырылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов дарынды балалардың ел болашағы екенін айтты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Мемлекет басшысы мамандандырылған мектептерге көп көңіл бөледі. Қазақстанда мұндай 124 мектеп бар, ал біздің облыста дарынды балаларға аналған Ы.Алтынсаин атындағы , «Озат» мектептері мен Қазақ-түрік лицейлері білім береді. 2014 ...
Толығырақ »