Таңдаулы

Ахаңның Ақкөлі немесе ойдағы істер орындалса игі!

Біздің санамыздан талай жыл «алашордашылдар, «бай-құлақтар», «жапонның шпионы» және т.б. теңеулермен жазықсыз асып-атылған, жойылған интеллигенциямызды өшіртуге тырысты. Бірақ, халық жады мықты екен. Басқасын білмеймін, кішкентай кезімізде үлкендер есік-терезені тұмшалап жауып алып, белгісіз өлең жолдарын айып отыратын еді. Мектепке бармаған кезім, әкемнің: «Айнаның қарсы алдына Маймыл барып, Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері ...

Толығырақ »

Тағы да Орталық-Батыс жолы туралы

Ел Президенті Өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.» деген еді. Біз – зиялы қауым болсын қарапайым халық болсын Президентіміздің еліміздің дамуы жолындағы жасап жатқан істерін әрқашан қолдаймыз және алдағы уақытта да қолымыздан келгенше жәрдемдесе ...

Толығырақ »

Қостанай облысына неге Ахаң есімі берілмеске?..

Енді аз күндерден кейін қарсы алатын 2022 жыл — Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жылы, туғанына 150 жыл толмақшы. Ұлы тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталатынына халық дән риза. Үкімет қаулысына сәйкес, атқарылатын жұмыстарды да ақпарат құралдары арқылы танысып отырмыз. Тарих тұрғысынан қарағанда, Тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болған жас мемлекетті әлемге таныту мақсатындағы жұмыстар — сол мемлекетті құру барысында қиямет-қайымды басынан ...

Толығырақ »

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда ...

Толығырақ »

Қостанайлық спортшылар Әлем чемпионатына қатысу үшін ақша таппай жүр

Қостанайлық спортшылардың әлем чемпионатына баруға ақшасы жоқ. Мұндай келеңсіз жағдайға кір тасын көтерушілер қалып отыр. Ал бұл ретте елімізде кір тасын көтерушілер арасында осы аймақтың спортшылары үздік саналады. Биыл ел чемпионатында 15 алтын медаль жеңіп алғанына қарамастан енді олар әлемдік жарыстарға бару үшін қаражат жинауға мәжбүр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, 31 телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап. Логикалық және ережелерге сәйкес бұл функцияны бұрынғы ДШНК деп ...

Толығырақ »

Пушкинді «пір тұтқан» Қостанай Абайды неге алалайды?

Еліміз егемендік алғаннан бері аттарын атауға тыйым салынған хандарымыз, билеріміз бен батырларымыздың қасиетті есімдері қайта оралып, тарихтағы өз орнына сай лайықты бағасын алып жатқандығы бәріміздің рухымызды бір көтеріп тастағандығы рас. Осыған орай жер-жерде еңселі екерткіштер бой көтеріп, қаламыздың сәнін келтірумен қатар, өскелең ұрпақ ғибырат алатын орындарға айналды. Мұның, әрине, құптарлық жайт екендігіне ешкім де күмән келтіре қоймас. Алайда, мұның өзі ...

Толығырақ »

Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…

Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...

Толығырақ »

Ұлы ұстаз мектепті қалай ашты?

Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында мектеп ашу ісі зор ықылас, қажырлы еңбек, қайтпас жігермен, көп қиыншылықпен келді. Көшпелі халықтың тұрмысында тұрақты мектеп салу оңай емес еді. Патшалық Ресейдің отары болып, қаналып отырған қырғыз-қайсақтар (қа­зақ­тар) үшін оқудың маңызы тек сол орыс билігіне, шенеуніктеріне қызмет етіп, жергілікті халықпен арадағы тіл­маш­тық, іс жүргізу қызметтерін жүргізу мақ­сатында ғана болған еді. Мұның алдын­да ...

Толығырақ »

Ресей зымырандарының құлау аймағы ретінде Жангелдин ауданы таңдалған

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды деп хабарлайды BAQ.KZ.  Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметі поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған. «Осы келісім бүкіл әлемді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге ...

Толығырақ »

Қостанай облысының халқы 1374 адамға азайған

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.   Жыл басында бұл көрсеткіш 18 миллион 879 мың 552 адам болған. Халықтың өсімі 83 340 адамды құрап отыр. Халық санынан аймақтар бойынша бірінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Түркістан облысы тұрғындарының саны 2 ...

Толығырақ »