Таңдаулы

«Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды»: Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің facebook-парақшасында жазды. «Қостанай облысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланды! Достар, әзілді қоя тұрайық! 600 мың теңгеге салынған ағаш дәретхана тек бастамасы болды! Сарапшылар Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ...

Толығырақ »

Торғай өңірін түлетудің төте жолы – инвестиция тарту: Арқалықта бизнес-форум өтті

Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың  инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...

Толығырақ »

Қостанайлық тұрғындар аулада заңсыз салынып жатқан құрылысқа наразы

Қостанайда көпқабатты үйдің тұрғындары аулада салынып жатқан құрылысқа наразы. Себебі күнделікті тарсыл-тұрсылдан ескі баспанамыздың қабырғасы жарылып, іргетасы сөгіліп жатыр дейді.  Айтуларынша, құрылыс заңсыз жүргізілуде.  Сот шешімімен мердігер компанияға айыппұл салынған көрінеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бірақ,  бұған да қарамастан, жұмысты тоқтатпай отыр дейді. Қаланың қақ ортасындағы бұл үйдің іргетасы осыдан 61 жыл бұрын қаланған. Содан бері көне ...

Толығырақ »

Ресейдегі қазақ диаспорасының қазіргі жай-күйі

Қазіргі күні қазақ диаспорасы әлемнің елу шақты елінде бар деп саналады. Меніңше, олар дүние жүзінің одан да көп өзге де аймақтарында бар деп есептеймін. Мысалы, қазіргі күні бейресми деректер бойынша АҚШ-та шамамен елу мыңнан ширек миллионға дейін Қазақстаннан шыққан азаматтар бар деп саналады. Ал, оның қаншасы Қазақстан азаматы, нешеуі АҚШ азаматтығын алған бұрынғы отандастарымыз екені беймәлім. Және ол санның ішінде ...

Толығырақ »

Қостанай облысында ана мен бала өлімі ең көп тіркелген

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Министрдің айтуынша, бала өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған бала санына шаққанда 8,3-ке жеткен. Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен, — деді министр Үкімет отырысында. Сонымен ...

Толығырақ »

Арқалықта қалаішілік бағыттарға жүретін маршруттар қосылды

Бұған дейін сайтымызда 40 мыңнан артық адам тұратын Арқалықта екі-ақ маршрут жүретінін жазған болатынбыз. Бүгінде қала әкімдігі №2 және №4 автобус маршруттары қосылғанын мәлім етті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.   Оқи отырыңыз: 40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді Құрметті қала тұрғындары, ертең, яғни, 21 қыркүйектен бастап №2 және №4 қалаішілік бағыттардағы қоғамдық көліктер жүре бастайтынын хабарлаймыз! — делінген әкімдік таратқан ...

Толығырақ »

«Ақшалай берілмейді»: Аманқарағайда қора-қопсысы өртенгендерге тақтай мен шеге жеткізілген (ВИДЕО)

Аманқарағай мен Озерный ауылында өрттен үйі аман қалып, бірақ қора-қопсысы бүлінген жұртқа материалдық көмек беріледі. Бұл жайында «Сұрау бар» YouTube арнасы әзірлеген «Өрттен кейінгі өмір. Әулиекөл» атты деректі фильмде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Байтемір Исмайыл айтты, деп хабарлайды halyq-uni.kz.  Біздің ауыл – Аманқарағайда 85 үй жанып кетті. Озерныйда 6 үй. Барлығы – 91. Әулиекөлде 91 үй салынып жатыр. Жұрттың барлығы сонда ...

Толығырақ »

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстың ВИДЕОСЫ тарады

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.   «Оружейная палата» аңшылық дүкенінде болған жарылыс сәті сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Еске салсақ, 3 қыркүйекте сағат 11:20-да қаладағы Н.Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында бір қабатты «Оружейная палата» аңшылық дүкенінің ғимаратынан шыққан өрттің соңы жарылысқа ұласқан болатын. Өрт жақын маңдағы ТЖО ғимаратының шатыры ...

Толығырақ »

Президент орман өртінен зардап шеккендермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.  Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық ...

Толығырақ »