Табыс

Қостанай облысында қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылды

Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінде облыстағы алғашқы қоқыс өңдейтін заманауи зауыт пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап. Жылына 40 мың тонна қоқысты іріктеп, өңдейтін зауыт үш ауысымдық жұмыс күніне көшкенде, жылына 120 мың тонна қоқыс өңдеп, игере алатын көрінеді. «EKO SITI KZ» ЖШС директоры Жандос Жақсыбаевтың айтуына қарағанда, зауыт толық қуатына үш сатылап қосылатын болады. Әзірге кәсіпорынның ...

Толығырақ »

Елбасы: Торғай облысындағы (өңіріндегі — ред) іске қосылған зауыт елге жұмыс беріп, біраз адамды қуантқан шығар деп ойлаймын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Арқалық қаласындағы ет комбинатын іске қосқаны белгілі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телекөпір барысында «Торғай Ет» ЖШС директоры Расул Мұқанов Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекет қолдауымен Торғай өңірінде ет өңдеу кешені тұрғызылғанын айтты. «Кәсіпорын жылына 3 мың тонна ет өңдеуге дайын. Алдағы уақытта қуаты ...

Толығырақ »

Біз барлық саланы тиісті қаржымен қамтып отырмыз — Архимед МҰХАМБЕТОВ

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қостанай облысы мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мәслихаттың кезекті сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті қайта қаралды. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жанна Шаймарданованың сөзінше, өңірде әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөлінеді. «Өңірде білім саласын дамытуға 2,6 млрд теңге көзделіп отыр. Бұл ...

Толығырақ »

Отбасы бюджетін қалай үнемдеуге болады?..

Ұлттық банк кеңестері: Ақша жинап, отбасы бюджетін үнемдеу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Проблема да аз болмауы мүмкін, тәртіпті, мақсатты анықтау, тіпті күмәншілдік. Ұлттық банктегілер қарапайым, дегенмен қажетті кеңестерді берді, олардың арасында несиеден құтылу, ақша жинау және бюджеттік «қауіпсіздік жастығын» құру мәселелері бар.Толығырақ — tengrinews.kz материалында. Отбасылық бюджетті жоспарлау қаржы дағдарысынан қорғайды, әсіресе, валюта бағамы тұрақсыз болғанда, азық-түлік қымбаттап, жұмыс ...

Толығырақ »

Қостанайда сентимментал тұқымының палатасы құрылады

Қостанай обылысында симментал тұқымы республикалық палатасын құру туралы шешімді қара малдың осы түрін өсірумен айналысатын кәсіпкерлерден құралған ынталы топ өкілдері қабылдады. Олардың айтуынша, ортақ мәселелерді шешу үшін құзырлы орган қажет. Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында «Агрогенетикс» ЖШС жетекшісі Марк Гумеров мұндай палатаның жұмыс істеуі заңға сай екенін мәлімдеп, бірқатар деректерді алға тартты. «Қазақстанда 57 мыңнан астам симментал тұқымды сиыр ...

Толығырақ »

Қостанай аэропортында жаңа бағыттарға әуе рейстері ашылады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұлов Қостанай әуежайында жаңа рейстер ашылатынын мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Қостанай әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу (2018 жылға есептелгені – 4,6 млрд теңге) туралы ерекше тоқталғым келіп тұр. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуы айлақта жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Қостанай-Ганновер бағытында жазда ғана емес, ...

Толығырақ »

Ұлттық бірегейліктің басты белгісі

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді… Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады… Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан Қазақ сияқты көшпелі елдің материалдық жәдігерлері көбіне-көп қалалар мен кенттерде, сәулет ескерткіш­терінде ғана сақталмай, сондай-ақ әлемнің әр түпкірлеріндегі жер атауларында көрініс тауып отыратынын ға­лым­дарымыз айтып та, жазып та жүр. Дегендей-ақ, ...

Толығырақ »

Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары қалай өзгерді?

Қазақстанда 2012 жылдан 2016 жылға дейін мұғалімдердің жалақысының орташа көлемі 67 900 теңгеден 99 100 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында айтылды. «Мұғалім мамандығына деген сұраныс жалақы мөлшеріне қарай анықталатынын жақсы түсінеміз. Біздің министрлік педагогтар кірісін көтеруге барынша тырысып келеді. Әрине, мұғалімнің жалақысына оның білім санаты, жұмыс өтілі, оқу жүктемесі секілді жайттар ...

Толығырақ »

Қостанай облысында газ өңдеу зауыты салынады

Қостанай облысы әкімдігі мен «Global Gas Group» ЖШС арасында облыста газ өңдеу зауытын салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Global Gas Group» ЖШС директоры Олег Гончаров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлармен кездесу өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Жиында аталған кәсіпорын директоры Олег Гончаров Астана мен Қазақстанның солтүстік облыстарын газдандыру мәселелері ...

Толығырақ »

Машақаты аз шаруашылық

Қазақстанда 1927 жылы 1,2 млн бас түйе болыпты. Кейін ұжымдастыру кезеңінде түйе саны біршама азайып, 1941 жылы 104,6 мың бас қана қалған. Елу жыл бойы осы көрсеткіш сақталып, тек тоқсаныншы жылдары өсім байқалады. 1994 жылы еліміздегі түйе басы 150 мыңға жетті. Өндіріс құлдырай бастаған кезге дейін (1995 жыл) жыл сайын 5-9 мың тонна түйе еті, 4,5-5 мың тонна шұбат, 700-1000 ...

Толығырақ »