Тасжарған

Жангелдин ауданының Көкалат ауылы екі айдан бері сусыз отыр

Қостанай обылысы Жангелдин ауданы Көкалат ауылына барып келдім. Еліміз — аман, жұртымыз — тыныш. Бірақ елді алаңдатып отырған су мәселесіне тоқталғым келіп отыр. Көкалатта екі айдан бері ауыз су қоймасы істен шыққан. Жақын арада жұмысшы болып орналасқан Баймағанбетов Бақытбекпен сөйлескенімде, бар мәселе су сорғышта (насос) екенін түсіндім. Бұл өзі бір Көкалатқа қана қатысты мәселе деуге келмейді. Себебі, ауыз суы тартылған ...

Толығырақ »

Айнара Жүгінісова: Әкем өліміне кінәлі екі адамның атын жазып кетіпті…

Өткен аптада ақпарат құралдары Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісовтің өзіне қол салғаны туралы жазды. Nege.kz тілшісі Қ.Жүгінісовтің қызымен сөйлесті.  Ақпаратта: «Қ.Жүгінісов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, екі апта үй қамақта жатқан. Әйелі Қостанайға кеткен күні ол өз-өзіне қол жұмсаған», – делінген болатын. Кеше Фейсбук желісінде марқұмның қызы Айнара Жүгінісова әкесінің қазасына байланысты жазба қалдырды. Ол: «Папамды осы күйге жеткізген, қазасына себеп болған жағдайлар мен адамдар ...

Толығырақ »

Ашық хат: «Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?..»

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз тіркесі қазір жиі айтылады,  баспасөз бетінде де көп қолданылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та әкімдерге «сендер халықтан жоғары емессіңдер, халыққа қалтқысыз қызмет етіңдер» деп ескертіп отырады. Бірақ осыны ескеретін де, тіпті ескермек түгіл, халықтың ұсыныс-тілегін, айтқан орынды пікірін қаперге алмайтын әкімдер де жетіп-артылады. Соның бірі – Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов. Бұған дейін Федоров ...

Толығырақ »

Крупская, Фурманов, Макаренколардан қашан құтыламыз

немесе тағы да мектеп жайы туралы 1 млн қандасымыз тұратын Ресейде ел билігі соңғы қазақ мектебін жауып тынды, Тәжікстанда кезінде үш қазақ мектебі бар еді, олар енді жоқ, 100 000 қазақ ұлты өкілі тұратын Қырғызстанда қазақ мектебі атымен жоқ, Қытай болса бұрынғы қазақ мектептерінің бәрін біртіндеп қытайшаға көшіріп жатыр. Өзбекстандағы 522 қазақ мектебінен 2017 жылы 164, 2018 жылы 100 (кей ...

Толығырақ »

Қостанай шенеуніктері тұрғындармен аудармашы арқылы сөйлесіп жүр

Қостанай қаласының әкімдігіне сұрақтары туындап, кадр бөліміне хабарласқан журналист Әсел Мұхамбетова шенеуніктерден мемлекеттік тілде сөйлейтін адам таппай қиналған, деп жазды tobyl-torgai.kz. «Менің қазақша сауалдарымнан үркіп, трубканы бір-біріне «лақтырған» бөлім мамандарының әрқайсысына қайта-қайта мәселемді баяндауға мәжбүр болдым. Сабырлы және сыпайы болдым. Қазақша сөйлемек түгілі түсінбейді екен, «переведите на русский» деді. Даусымды қатайтып, «маған қазақша сөйлейтін адам табыңыздар, жылдам»… Қысқасы, Айнұр есімді ...

Толығырақ »

Қостанай облысы сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп жіберген бе?

Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр. Ал облыстық сайлау комиссиясындағылар ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты кеше қоғам белсендісі Ермек Нарымбай Facebook-тегі парақшасына жариялады. Ол Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы «Сосновый» шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған. Облыстық сайлау ...

Толығырақ »

Қазақ халқын маймылға теңеген Божко «кешіріммен» құтылып кете ме? 174-баптың күші қандай?

«Қазақстан Ресейге қосылуы керек, орыстілді қауым шетқақпай көріп жатыр» деп жұртты шулатып жүретін Ермек Тайшыбековтің жайы белгілі. Бірінші рет 2015 жылы «ұлттық араздықты қоздырды» деп айыпталып, төрт жылға бас бос­тандығынан айырылған. Ол кезде Тайшыбековтің үстінен ұлт пат­риоттарының өтініші негізінде қылмыстық іс қозғалған. Блогер 2017 жылы мерзімінен бұрын түр­меден босады. Саяси көз­қарастары үшін Тайшыбековті «арандатушы», «Қазақстан тәуел­сіздігіне қарсы адам» деп са­най­тындар ...

Толығырақ »

Тәуелсіздіктен де жақсылық көрмеген Торғай еліне Алла жар болсын

Алақандай Арқалықтан бейресми деректер бойынша бүгіндікке 18 адам қайтыс болыпты, сенбейін десем, тек өзім танитын 6-7 кісінің қазасын естіп отырмын. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын, ғалым Айбек Қалиев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сондай-ақ ол қала тұрғындары дәрі-дәрмек таба алмай, сандалып жүргенін жеткізді. «Тіске басар таблетка таппаған жұрт тентіреп кетті, ақыр аяғы Аллаға аян! Не ақ патшадан, не ...

Толығырақ »

Қостанай «сұр қалаға» айналып кетпесін

Шындығын айту керек, Қостанайдың әуежайынан немесе теміржол вокзалынан, әйтпесе қалааралық автобекетінен түсе салып мынау қазақтың елі, жері екен деп дөп басып айта қоятындай ерекшеленіп тұрған жағдайымыз жоқ.  I «Уақыт – ұлы емші» деген шығыс даналығы. Еліміз егемендік алғаннан бері салыстырмалы түрдегі шамалы кезеңде ұлттық айшығымызды айғақтау, тіліміз, діліміздің оралуы, ұлттық мәдени мұраларымызды жаңғырту сияқты жұмыстар күнделікті өмірімізге сыналап кіріп, күннен ...

Толығырақ »

Мультфильмде әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүр (ВИДЕО)

Режиссер Қанағат Мұстафин facebook парақшасында сәбилерге тіл үйрету мақсатында түсірілген «Жанәділ» деген мультфильмнің сорақылығын атап көрсетті деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. «Мына масқара мультфильмді көргендерің бар ма? Әйелі күйеуінің көзіне шөп салып жүр. Бұны жас балаларға танымдық деп көрсетіп жатыр. Тілді үйрету деп қояды… Бұл тілді үйрету үшін емес, қазақ халқының қалыптасқан әдет-ғұрпына тікелей шабуыл жасап, күйрету мақсатында жасалған. Жою керек барлық ...

Толығырақ »