Таспа

Қостанай облысында бірнеше аудан жолдары жөнделеді

Қостанай облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл туралы облыс әкімдігінің Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина айтты. Оның айтуынша, 2020 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде облыстық бюджет қайта бөлінді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 1, 2 млрд теңге берілмек. «Бұл қаржы Амангелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық, Науырзым аудандарындағы автомобиль ...

Толығырақ »

«14 млн теңге»: Қостанайда пара алған Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды (ВИДЕО)

14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берген. «Облыстық Білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары Шугаев сот шешімімен аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені және алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол «ALANSinc» ЖШС-нің 34 565 ...

Толығырақ »

Қостанай облысында лауазымды 14 шенеунік жауапқа тартылды

Қостанай облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің көбі басшылық лауазымдарды атқарады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Бұл туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Ескендіров айтты. 2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға жуығы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Олардың дені ескерту алса, тағы бірнеше қызметкерге қатаң сөгіс беріліп, жұмысынан ...

Толығырақ »

Қостанайда 23 тонна жанармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды

Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кескен. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының ...

Толығырақ »

«Ақшаны төлегісі келмейді»: Арқалық құс фабрикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін сотқа берді

Талап етуші жақ құс тұмауынан қырылған тауықтары үшін өтемақы толық берілген жоқ дейді. Бұл туралы tobyl-torgai.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.   Кәсіп иелері қосымша 200 миллион теңге сұрап отыр. Үш айдан бері тоқтап тұрған құс фабрикасына жақында тауық балапандарының алғашқы легі әкелінді. Бірер күн бұрын жеткізілген 58 мың балапан қаңырап бос қалған қораларға жан бітіргендей. Бұған, әсіресе, бригадир Саяділ Сарқытбай дән риза. Бүкіл құстары ...

Толығырақ »

«Қызыл аймақта»: Қостанай облысында коронавирус өршіп тұр

Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан.  Ал Нұр-Cұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары аймаққа» кірді. Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.

Толығырақ »

Жангелдин ауданы Қызбел ауылында қуанышты оқиға

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында ұзақ жылдар бойы күткен ұялы байланыс құралы іске қосылды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz сайты. Өткен жылдың соңында Алматы қаласының АЖИО компаниясы ауылға Beeline ұялы байланысын орнатқан. Соның арқасында ауыл тұрғындарын 3G интернетімен қамту мүмкіндігі туып отыр. Ауыл әкімі  Қайсар Сұлтанбекұлы Нұрғазин осы бір игілікті істің орындалуына ықпал еткен азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді. ...

Толығырақ »

Арқалықта ПТР-зертханасы ашылды

Арқалық өңірлік ауруханасынан жұқпалы індеттің белгілерін анықтайтын ПТР-зертхана ашылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыс әкімдігі жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап. Жаңа зертхананың жұмысын Арқалық қаласының орталық ауруханасы жүйелеп отырады. Жаңа зертхананың көмегімен енді дәрігерлер КВИ сынақ нәтижелерін қысқа мерзімде анықтайды. «Өткен жыл Арқалық қаласы үшін де оңайға тиген жоқ. Әсіресе, жаз айларында бізге сырқаттардың диагнозын анықтау өте қиынға соқты. Өйткені, науқастардан ...

Толығырақ »

Коронавирус: Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты.   фото: «Костанайские новости»

Толығырақ »

Торғайда әйелді қасқыр талап тастады

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл ақпартты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген. Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол ...

Толығырақ »