Таспа

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысы республикада алдыңғы үштіктің қатарында

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа үйге қоныстанған 108 тұрғынға пәтер кілттерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бұл шағын аудандағы зәулім үйлердің барлығы да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Облыс әкімі тұрғындарды ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтап, өңірде жүзеге асырылып жатқан тұрғын ...

Толығырақ »

Мемлекет халыққа үнемі қолдау көрсетіп отырады — вице-премьер

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған бір топ Үкімет мүшесі Қостанай облысының Федоров ауылына барды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елордалық меймандар Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы аясында өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен олар Таза Шаңдақ ауылында жақында ашылған фельдшерлік-акушерлік пункттің қызметімен танысып, дәрігерлермен жүздесті. Айта кету керек, ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) салу жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылған. Ғимарат ...

Толығырақ »

Бердібек Сапарбаев: Баспана алу үшін 10-15 жыл кезекте тұрудың қажеті жоқ

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейін хабарланғандай, өңірге сапармен келген Үкімет мүшелері жастармен кездескен болатын. Облыстық филармония ғимаратында жалғасқан бүгінгі кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру. Б.Сапарбаев білім, денсаулық, АӘК, бизнес, әлеуметтік медициналық сақтандыру салаларына бөлінген қаржылар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен тарқатып ...

Толығырақ »

Сапарбаев Қостанай супермаркетін аралады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуына қарағанда, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім ...

Толығырақ »

Нан бағасы 85 теңгеден аспайтын болады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысында бірінші сұрыпты ұнның наны 85 теңгеден асырылмайды. Бұл туралы аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өткен жаздың қолайсыз ауа райы облыстағы астық өндіру көлеміне айтарлықтай әсерін тигізген. Оның үстіне бидай бағасы Ресей Федерациясында 15 пайызға дейін төмендеп кеткен. Соның салдарынан тоннасына 60 мың теңгеден сатылып келген ұн бағасы бірден ...

Толығырақ »

Қостанайда болашақ шенеуніктер үшін мектеп жасақталды

Қостанай облысының Мемлекеттік қызмет мектебі құрылып, оған үздік студенттер іріктелді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қостанай облысының Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу екі жыл қатарынан жүрді. Бұл мектепке дарынды және болашағы зор студенттер енді. Олар мұнда мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімді толығымен алады. Облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаевтың айтуынша, бұл жерде болашақ түлектерге ...

Толығырақ »

Қостанайда жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласы мен Қарабалық ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады.  Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Облыс әкімі алдымен Қарабалық ауданында болып, «Урнек-ЛА» ЖШС астық кешенімен танысты. Кәсіпорын астықты қабылдау, қайта өндеу, сақтау және кешенді салу бойынша қуаты жылына 30 мың тонна негізінде қызмет көрсетеді. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. Архимед Мұхамбетов серіктестік басшылығына ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына барды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі алдымен аудандағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралады. «Промбаза 7» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 650 тонна зығыр, 380 тонна күнбағыс майы өндірген. Архимед Мұхамбетов серіктестік басшылығына өндірісті биылғы көрсеткіштен түсірмеуді тапсырды. Жалпы, Федоров ауданында Елбасының ...

Толығырақ »

Жітіқарада банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып кеткен

«Еуразиялық банк» АҚ Жітіқара қалалық филиалының қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 12 қараша күні Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп кеткен. «Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының, 4-бөлігінде көзделген (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ...

Толығырақ »

Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенің жүгін заңсыз иемденіп кеткен

Қостанай облысында қымбат мүлікті заңсыз иемденіп кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазақстан мен Ресей арқылы жүк тасымалдайтын көлік фирмасының иесі Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетовке өтініш білдіріпті. Кәсіпкер интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Ол өз өтінішінде интернет арқылы «көлік жүргізушісін» тауып, келісімшарт жасасқан. Алайда қымбат жүк діттеген ...

Толығырақ »