Лисаковск қаласында «Қазақстан Алюминиі» компаниясына қарасты Краснооктябрьск боксит кен басқармасының Красногорск боксит кенішінің қызметкерлері жаппай уланып қалды. Бұл туралы ERG компаниясының Facebook әлеуметтік парақшасында жазылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Лисаковск ауруханасына 25 қызметкер астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Кенішке қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары аттанып, тиісті сынама үлгілерін алды. «Барлық кен басқармасының асханасының ас мәзірінен ет, тауық жұмыртқасы алынып ...
Толығырақ »Таспа
АрқМПИ: 50 балл жинаған түлек грантқа түсе алады деген ақпарат жалған!
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық институты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кеткен жөн, белгісіз біреу таратқан мәлімет бойынша аталған жоғары оқу орны физика-математика мамандығы бойынша 50 ұпаймен абитуриент қабылдай береді. Себебі қосымша мемлекеттік гранттар бөлінді. «Сәлем, әріптестер! Арқалық пед.инст. физ-матқа қосымша грант бөлініпті. Базаға түспепті әлі, 50 балл жинағанда грантқа ілінеді. Оқушы ...
Толығырақ »Қостанай облысында 1 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр
Облыс әкімдігінде Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының аймақта жүзеге асырылу жайы талқыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданының әкімдері және ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы мен екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты. «Биылғы жылдың 31 мамырында «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарламаның арқасында 2018-2021 жылдар аралығында Қостанай ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов: Білім басқармасының қызметі тым төмен
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Білім басқармасының жетім балаларды үймен қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын сынға алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дегенмен, аймақта жетім балалардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Мәселен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының азайғаны байқалады. «Қостанай облысында жалпы 2296 жетім бала бар. Оның 67 пайызы отбасыларда тұрып жатыр. ...
Толығырақ »ҚОСТАНАЙ МЕН СВЕРДЛОВ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АЛЫС-БЕРІСІ МЕН БАРЫС-КЕЛІСІ НЫҒАЯ ТҮСПЕК
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Свердлов облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екатеринбургке атбасын тіреген Архимед Мұхамбетов Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен кездесіп, екі өңірдің экономикалық байланысын нығайту жолдарын талқылады. Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімдігі мен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері болды. «Свердлов облысы біз үшін стратегиялық тұрғыда жақын әріптесіміз саналады. Екі ...
Толығырақ »Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Қостанай облысы әкімі аппарат басшысының бұйрығымен Сандыбаев Мұрат Миртайұлы Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Мұрат Миртайұлы 1988 жылы дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін программист мамандығы бойынша тәмамдаған. Менеджмент саласының экономика және бизнес магистрі. Еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысы әкімі аппаратының Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов компания басшыларына ескерту жасады
Соңғы жылдары Қостанай облысында еңбек қатынастарының бұзылу жағдайлары жиілей түсті. Осыған қатысты 2017 жылдың қорытындылары бойынша әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев баяндама жасады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде 2017 жылы еңбек қатынастары бойынша уәкілетті органға жұмысшылардың еңбек құқығының бұзылғаны туралы мыңнан астам шағым түскенін айтты. «2016 жылмен салыстырғанда анықталған ...
Толығырақ »Астанада жаңадан құрылған ауданның әкімі тағайындалды
Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Астана қаласында жаңадан құрылған Байқоңыр ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимовтың кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамыздағы Целиноград қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Білімі: Диплом бойынша мамандығы «Экономист, заңгер», ...
Толығырақ »Италия ғалымдары цифрландырудағы тәжірибелерімен бөлісті
Италиядан келген ғалымдар мен қостанайлық агроөндірістік кешен мамандары ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін жаңашылдықтар туралы кеңес өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиынға Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннели бастаған бір топ делегат қатысты. Олардың арасында ауыл шаруашылығы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Чен Джикуан, ІНЕ институтының (Нидерланды) профессоры Вим Бастиаанссен ...
Толығырақ »Қостанай облысына көшіп келушілерге жағдай жасалады
Биыл Қостанай облысына еліміздің басқа өңірлерінен 300-ге жуық отбасы қоныс аудармақ. Олар үшін баспана, жұмыс орындары әзірленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова айтқандай, биыл жұмыс күшi тапшы аймақтарға отбасыларды көшіру бойынша жоспар жасалды. 2016 жылы Қостанайға басқа облыстардан — 22, 2017 жылы — 30 ғана отбасы қоныс аударған. ...
Толығырақ »