Қостанай облысы әкімінің өкімдерімен 2 басқарманың басшылары ауысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімінің өкімімен Құсайын Амангелдіұлы Кәткенов Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Құсайын Кәткенов 1962 жылдың 25 сәуірінде Амангелді ауданының Амангелді ауылында туған. Мамандығы — тарих және құқық пәндерінің мұғалімі. Бұған дейін ол ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменті ...
Толығырақ »Таспа
Астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтеді
1-2 қыркүйекте елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 2 күн болатын жәрмеңкеде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылымға шығарады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден ...
Толығырақ »Қостанайдағы жеделсатылардың тең жартысы жарамсыз
Қостанайда 289 лифтінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Қатарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыста құрылыс нысандарына жүргізілетін тексеріс биыл 30%-ға кеміген. Десек те, өңірде жаңа бой көтеріп жатқан құрылыс нысандары көп. Олардың жұмыс сапасы жіті бақылауда болуы тиіс. Осы мақсатта жыл басынан бері жоспардан тыс 195 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде ...
Толығырақ »Кім кінәлі?! — Архимед Мұхамбетов ТЖД жұмысын сынға алды
Облыс әкімдігінде өткен жиында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов өңірдегі өрт қауіпсіздігі қызметінің жұмыс нәтижелері туралы есеп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі өңірде өрт қауіпсіздігін сақтау және оны алдын алудың кешенді шараларын қолға алған. Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері бүгінге дейін жергілікті полициямен бірлесе отырып, 18 мың аулаға бақылау-тексеру жүргізген. Департамент мамандары жаз ыстығында өрт қауіпсіздігін күшейту ...
Толығырақ »3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтардың соңғы нұсқалары басылып шығарылды
Білім және ғылым министрлігі 3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтарды оқыту процесіне енгізу бойынша едәуір жұмыс атқарды. Барлық оқулықтар ғылыми және педагогикалық сараптамадан, сондай-ақ, еліміздің 30 пилоттық мектебінде сынақтан өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Оқулықтарды қоғамдық бағалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сараптама кезінде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтындағы «Қоғамдық бағалау» порталына 3, 6, 8-сынып оқулықтарының макеттері орналастырылды. Қоғамдық бағалау қызметі туралы ақпарат ...
Толығырақ »Қостанай облысының 3 ауданы оқулықтарды өз күштерімен тасымалдауға мәжбүр
ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аударып, күнделікті мониторинг жүргізуде деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы республика бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8-сыныптарға арналған 12 млн астам оқулық сатып алынды. Бұл сыныптардағы оуқшылар саны – 906 мың. Баспалар оқулықтардың ...
Толығырақ »Қостанайда оқушыларға роботтар сабақ береді
Биылғы оқу жылында қостанайлық оқушыларды көптеген жаңалық күтіп тұр деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Болашақ мектептің директоры Ерлан Бекішовтің айтуынша, мектептің бірінші қабаты тегіс ІТ технологияларға арналады. Бүгінде жаңа жабдықтарды күтіп отыр. Мұнда мобильді касса, күн көзінен қуат алатын батареялар және 3D модельдеу әдісін меңгеру үшін жағдай жасалады. Тағы бір жаңалық, биыл бұл оқу орнында оқушыларға робот сабақ ...
Толығырақ »Астық ұрлағандарға аяушылық білдірмейді
Қостанай облысының диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарына әзір. Бұл туралы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткен жиында белгілі болды. Жиында алдағы егін орағына әзірлік барысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы астықтың шығымы жаман емес деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Орташа есеппен алғанда гектарына 12-13 центнерден айналуы ықтимал көрінеді. Сондай-ақ өңір диқандары егіс ...
Толығырақ »Қытай компаниясы Қостанайда теледидар зауытын салады
Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллион доллар салады. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, HKC компаниясы монитор және теледидар шығару бойынша Қытай нарығындағы ірі өндірушілердің бестігіне кіреді. Қазақстанның солтүстігінде құрастыру зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның бастапқы көлемі – 20 миллион доллар. Акционер жылына үш миллион дана техника шығармақ. HKC Corporation ...
Толығырақ »75 мыңнан аса түлектің 60327-сі құжаттарын қазақ тіліндегі оқу бөліміне тапсырған
Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам — ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысуда деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еліміздегі ...
Толығырақ »