Tag Archives: Торғай

«Торғай халқымен ешкім санаспады»: Жанкелдин ауданы аумағына зымыран қалдықтары құлады

Қостанай облысының Жанкелдин ауданы аумағына зымыран қалдықтары құлады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Бидашевтің айтуына қарағанда, зымыран қалдықтарынан қауіп жоқ. Бұл халықаралық OneWeb бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр. «Зымыран сынықтары аудан аумағына 7 ақпан күні құлады. Бұл арнайы келісім бойынша жасалып отыр. Тұрғындарға ескертілді. Химикаттар немесе сұйықтықтар жерге төгілген жоқ. 10 ақпанда сынықтар ...

Толығырақ »

Абайды алғаш танығандар

Биыл туғанына 175 жыл толатын данышпан Абай қазақ жазба әдебиетінің көгінде жарқ ете қалғанда, жер-жерде оның туындыларын майшаммен іздеп, жете танығандар, сөйтіп, ұлы ақын шығармалары туралы алғаш пікір айтқандар өз заманында аз болмаса керек. Осы орайда «Абайды алғаш таны­ғандар» деп тақырып қойған біз бұл мақаламызда тек Торғай өңірінен түлеп ұшқан – ұлы ақын­ның талантын мо­йындап, ба­ға­лаған үш тұлғаны алып, қа­рас­­тырып ...

Толығырақ »

Торғайда газ баллоны жарылып, 4 адам қаза болды

Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Соңғы мәлімет бойынша, Байқадамов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. «Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал ...

Толығырақ »

Бармасаң, келемесең жат боларсың немесе 100 жылдан кейінгі қауышу

Осыдан 94 жыл бұрын, яғни 1924 жылы анамның туған апасы Гауһар атты кісі жолдасы Жараспен бірге Торғай елінен жан сауғалап Ақмамық деген жерге көшіп кетеді. Естуімше Ақмамық — бұл құстардың көп қонатын жері болса керек, меніңше жыл құстарының тоқтайтын жері шығар, негізінде Сібірден жылы жаққа ұшатын құстар Торғай қақпасы арқылы өтеді ғой. Ақмамық деген шөп те бар айтқандай. Шешем: «Гауһар ...

Толығырақ »

Сарықопа

Қасиетті Торғай жерінің ЮНЕСКО тізіміне ұсынылған жері — Сарықопа туралы Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, біздің тілімізде «сары» сөзі жиі қолданылады екен, Сарыарқа, Сарыоба, Сарыөзек, Сарыадыр, Сарыөзен, Сарықопа (бір қызығы Сарыадыр арқылы Сарыөзен Сарықопаға құяды), сарыбел, сары тісті кемпір, сабыр түбі сары алтын, Сарысу, сары балапан, ал, Сары деген өзіміздің Мұнанайымыздан (Троицк) өзге іргеміздегі Челябіде де сондай ауыл бар, оны ...

Толығырақ »

Тосынқұм

Торғай жерінің бір пұшпағы — Тосынқұм туралы Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып ...

Толығырақ »

Туған жер — Торғайым

Киелі Торғай туралы толғау Туған жер — Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға ...

Толығырақ »

Тарихи 26 тамыз жайында

26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Республикасының. Біздің советтік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру жөнінде арнайы Декрет шығарған еді. Бұл Ресей патшалығы жойған елдігімізді жаңа тұрпатта жаңғыртуға тырысқан ...

Толығырақ »

1992 жыл: Торғайға табан тіреген Тұңғыш (видео)

Бұл — Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 2 қыркүйекте Торғай облысына жасаған жұмыс сапарының бейнежазбасы. Торғайлықтар Елбасын қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашу шашып қарсы алды. фото: yvision.kz

Толығырақ »