Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты. фото: «Костанайские новости»
Толығырақ »Tag Archives: Коронавирус
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиында карантин шектеуін сақтау мәселесі қарастырылды. Мониторинг топтары өткен аптада 1 173 нысанды тексерген. Оның ішінде 49 нысан карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзған. «Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары жаппай бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұған қоса бизнес өкілдерінің карантин талаптарын сақтамау фактілері бар екенін атап өткім ...
Толығырақ »Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды
Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды. Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. Сондай-ақ бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған. Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі ...
Толығырақ »Қостанай облысында карантиндік шараларды күшейту қарастырылады
Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өтіп, онда карантиндік іс-шараларды сақтау мәселелері қаралды. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Барлық қабылданған шараларға қарамастан, халықтың да, кейбір кәсіпорындардың да енгізілген режимді сақтамағаны байқалады. Облыста рейдтік іс-шаралар барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 5 мың бұзылуы бар» деп жазды аймақ басшысы. Мысалы, 26 қыркүйекте Жітіқара ...
Толығырақ »2 аптада пневмониямен ауырғандар саны 5 есе төмендеді — Архимед Мұхамбетов
Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі коронавирустың өңірде таралуына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір 2158 төсек-орын қосымша дайындалды, оның ішінде 1704-і — провизорлық стационарда. «Соңғы 2 аптада пневмониямен ауыру өткен кезеңмен салыстырғанда ...
Толығырақ »«Халыққа химиялық у шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды
Әлеуметтік желіде «халыққа химиялық у шашылып жатқаны» жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен. «Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір ...
Толығырақ »Дүниежүзілік банк: Қазақстан кедейлене түсуі мүмкін
Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жазғы экономикалық баяндамасында жазылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баяндамада COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасы үшін соңғы екі онжылдықтың ішіндегі ең ірі экономикалық салдарға әкелгені және оның өсуіне айтарлықтай кері әсер етіп жатқаны жазылған. «Ұзақ уақыт бойы дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Алдын ...
Толығырақ »«Жағдай нашар»: Азат Перуашев Арқалыққа барған сапары туралы айтты
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен онлайн конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев жақында Арқалық өңірінде болып, сондағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдаймен танысып қайтқанын айтты деп хабарлайды baq.kz. «Қазір коронавирус індетінен күнделікті азаматтарымыздың қайтыс болып жатқанын естіп, көріп отырмыз. Осы себепті өткен аптада Арқалық өңіріне барып, сол жақтағы азаматтармен кездесіп, елді ...
Толығырақ »Қостанай қаласының әкімі де коронавирусқа шалдықты
Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке қарай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, ...
Толығырақ »Қостанай облысының әкімі COVID-19-дан жазылып шықты
Бұл туралы облыс әкімі инстаграмдағы парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Құрметті қостанайлықтар! Менің COVID-19-ға тапсырған сынағым теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім. Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын» деді Архимед Мұхамбетов. Сондай-ақ әкім барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істегендері үшін алғыс айтып, барша жұртқа зор денсаулық және амандық тіледі. Естеріңізде болса, бұған дейін Қостанай облысының әкімі ...
Толығырақ »