Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Қостанай облысының тұрғыны елімізден бөлек Ресейден де зейнетақы алып келген
Қостанай облысының тұрғыны Ресей және Қазақстан азаматы ретінде бір екі зейнетақы алған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Белгілі болғандай, зейнеткер он төрт жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Айыпталушы Ресей Федерациясының төлқұжатын алған, бірақ ол Қазақстан азаматтығынан шығу туралы құзырлы органдарға өтініш беомеген болып шықты. Ол Ресей Федерациясында жасына байланысты 1998 жылдан бастап сақтандыру зейнетақысын алған. Сонымен қатар, 2006 жылы Қазақстан зейнетақыларын төлеу жөніндегі ...
Толығырақ »Жангелдин ауданының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлап жатыр
Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық округ пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі. Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, — дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының ...
Толығырақ »«36 градус ыстық»: Торғай даласын тағы да өрт шарпуы мүмкін
21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, ...
Толығырақ »Қостанай облысында көлік құрастырудың әлеуеті артады
Қостанай облысында Lada автокөліктерінің барлық моделі шығарылып, сондай-ақ, КамАЗ жүк көлігінің жаңа үлгісі құрастырылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілі Денис Пак Қостанай өңіріндегі өндірістік кооперацияның әлеуетін барлап көріпті. Үкіметтің баспасөз қызметі отандық зауытта көліктерге қажет шанақ өндірісінің технологиясы игеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Роман Скляр КамАЗ компаниясының бас директорымен бірге жаңа ...
Толығырақ »Қостанай облысында сібір жарасы өршіп кетті
Қостанай облысында Сібір жарасы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындады. Ірі мал бордақылау шаруашылықтарының бірінде малдар қырылып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Людмила Налобина мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оның айтуынша, өлім себептерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында үш тұрғын ауруды жұқтырып алған. Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Мамандардың ...
Толығырақ »Қостанай облысында тұрғындар сібір жарасын жұқтырып жатыр
Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, жара адамдарға малдан жұққан. Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада ірі шаруашылықтардың бірінде мал шығыны да бар екені айтылған. Эпидемиологтар мен мал дәрігерлері сібір жарасы қоздырғышының себебін білді. Алайда инфекция көзі әзірге анықталған жоқ. «Қазір жараны жұқтыру ошағында эпидемияға қарсы және ...
Толығырақ »Меңдіқара ауданының Ұзынағаш халқы қазақ мектебінің жабылуына қарсы (ВИДЕО)
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылының халқы қазақ мектебінің жабылуына қарсы, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Аtameken Business-ке сілтеме жасап. Жол азабына шыдамаған тұрғындар елді мекеннен жаппай көшіп жатыр. Енді мектеп жабылса, бұл ауылда шекараға жақын орналасқан басқа мекендер сияқты жойылып кету қаупі бар. Осылайша, Ресейдің іргесінде орналасқан ауылдың күйі қашқан…
Толығырақ »«Кім жөндеп береді?»: Әулиекөлдің үйлеріне газ тартылған тұрғындары алаңдап отыр
Қостанай облысында Әулиекол ауылының тұрғындары газ құбырын тарту жұмыстары дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып, шағымданды. Газды су құбырының үстінен өткізіп жатыр екен. Ал бұл адам өмірі үшін қауіпті деп отыр олар. Себебі ондай жағдайда тұрғындар не сусыз қалады, не жарылыс болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Әулиекөл ауылының тұрғыны Татьяна Андерс бұл апаттық жағдай екенін айтады. Мұны бізге кім ...
Толығырақ »Қостанай облысында жол-көлік апатынан үш бала қаза тапты
26 маусымда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында Renfult-Sandera көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жүк көлігін басып озған кезде Lexus-пен соқтығысқан деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renfult-Sandera автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы, екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста көз жұмды. Осы көлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды. фото: дереккөз
Толығырақ »