Қостанайда параның орташа сомасы 100 мың теңгеге өскен

Онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұржан Шалов өңірдегі параның орташа көлемін атады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

«Қостанай облысында биыл параның орташа мөлшері — 323 мың теңге, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш шамамен 221 мың теңгеге тең еді. Тіркелген қылмыстар жөнінен параның жалпы сомасы 2020 жылы 3,1 млн теңге, ал осы жылдың 9 айында 4,5 млн теңге болды», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұржан Шалов онлайн брифингте.

Ол параның орташа мөлшерінің көбею себебін мемлекеттік органдардағы шенеуніктердің ұсталуымен байланысты.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *