Қостанай облысының тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Аманқарағай кентінің 46 жастағы тұрғыны Павел Томашевич Әулиекөл ауданының полиция бөлімі басшылығының атына алғыс айтты. Осы уақытқа дейін ер адам Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз тұрып келген. Бұл жұмысқа орналасуды қиындатып, басқа да өмірлік жағдайларға әсер еткен. Павел Томашевич ауданның көші-қон қызметіне жүгінген. Онда ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Қостанай облысында ана мен бала өлімі ең көп тіркелген
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, бала өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған бала санына шаққанда 8,3-ке жеткен. Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен, — деді министр Үкімет отырысында. Сонымен ...
Толығырақ »БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ...
Толығырақ »Торғайда ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған
Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды. Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті: 1. Ағаштан жасалған қоршау: ...
Толығырақ »Қостанайда тағы да өрт болды
Өрт сөндірушілер Қостанайдың саяжай аумағында өртенген шөп пен қоқысты сөндірді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 қыркүйек күні сағат 11.30-да «101» пультіне Қостанайдан 18 шақырым жерде орналасқан «Пригородный» саяжай қоғамдастығының аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша 10 га алаңда қараусыз қалған учаскелерде құрғақ шөптер, қоқыстар мен бұталар жанғаны анықталды. Қатты ...
Толығырақ »«Тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарау керек»: Премьер-министр Қостанай облысына келді
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Әлихан Смайылов бірінші кезекте Әулиекөл ауылына барып, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы — 100 шаршы метр. Сондай-ақ үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне (10 сотықтан) барлық қажетті ...
Толығырақ »«Ақшалай берілмейді»: Аманқарағайда қора-қопсысы өртенгендерге тақтай мен шеге жеткізілген (ВИДЕО)
Аманқарағай мен Озерный ауылында өрттен үйі аман қалып, бірақ қора-қопсысы бүлінген жұртқа материалдық көмек беріледі. Бұл жайында «Сұрау бар» YouTube арнасы әзірлеген «Өрттен кейінгі өмір. Әулиекөл» атты деректі фильмде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Байтемір Исмайыл айтты, деп хабарлайды halyq-uni.kz. Біздің ауыл – Аманқарағайда 85 үй жанып кетті. Озерныйда 6 үй. Барлығы – 91. Әулиекөлде 91 үй салынып жатыр. Жұрттың барлығы сонда ...
Толығырақ »Қостанай облысында гуманитарлық көмекті тарату кезінде тұрғындар таласып қалды (ВИДЕО)
Орман өртінен зардап шеккен Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы тұрғындарына гуманитарлық көмек таратылып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Куәгер түсірген кадрларда көмек ешбір тізімсіз жүк көлігінен таратылып жатқаны көрінеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видеода бір-бірін итеріп, жүк көлігінен азық-түлік алып жатқан адамдар тобы көрінеді. Адамдар айғайлап, құлап жатыр. Бір сәтте жүк көлігінде тұрғандар гуманитарлық көмекті көпшілікке лақтыра бастайды. Аманқарағай әкімі Байтемір ...
Толығырақ »Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отбасы әрқайсысы 1 млн теңгеден алды
Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды. Аманқарағай, Озерное және Люблинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді. Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған ...
Толығырақ »Қостанай облысында 100 миллион теңгеге жуық субсидия ұрланған
Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған ...
Толығырақ »