Tag Archives: Ұлы Жыланшық

Ұлы Жыланшық — киелі жер

Бастауын Ұлытаудан алатын Ұлы Жыланшық керемет жер! Ұлы Жыланшық – киелі жер! Ұлы Жыланшық жеріне менің іңкәрлігім ерекше, өзі әуелден осылай. Шынымды айтсам, біріншіден, бұл өзеннің бойы, дұрысы орта ағысы біздің ата-бабамыздың киелі мекені. Бас жағы боса болмаса қазақтың тағы бір киелі жері – Ұлытау жағы, Ұлы Жыланшық бастауын Ұлытау тауларынан алып, жолай қар суымен қоректенеді, көктемде «қызыл су» жүргенде ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖЫЛАНШЫҚ ГИДРОНИМІ

Торғай даласындағы белгілі ұзын өзендердің бірі – Ұлы Жыланшық. Өзеннің бастауы – Ұлытау сілемдері. Географиялық мәліметтер бойынша, өзеннің аңғары Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі Ұлытау таулы массивінің теңіз деңгейінен 750 м биіктігінен басталып, Торғайдың Жанкелді ауданындағы Ақкөл көліне (еңістігі 65 м) құяды. Жыланшық Ұлытаудан аққан екі өзен саласының бірігуінен пайда болады. Оң жақ саласы — Үлкен Жыланшықтың ұзындығы 163 км, сол жақ ...

Толығырақ »

Өр Торғай – ерлік мекені

немесе тарихқа тағзым сапары Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан атты мемлекеттің егемендігін мойындағанына ширек ғасыр. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз, тарих орнатқан әділеттілік, біздерге берілген зор мүмкіндік әрі әрқайсымыздың мойнымызға артылған үлкен жауапкершілік. Екі тізгін, бір шылбырын қолына алып, дербес саясатын жүргізген азат Қазақ мемлекеті Ұлы Дала төсінде заманға лайық, зайырлы, тұтастықты ту еткен Мәңгілік Елдің іргетасын қалады. Алайда, бұл бір күнде ...

Толығырақ »

Қасқыр жүрегін жеген жігіт немесе ашаршылықта бір рулы елден жалғыз тірі қалған кім?

Бүркіттің ес білгелі, оңын-солын танығаннан бергі ата кәсібі жылқы бағу еді. Одан қалды әкесі хат танытқаннан кейін аң-құс аулауға да баулыды. Басын сонау қазақтың қасиетті Ұлытауынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзенінің бойын ата-бабасы мекен етіп келе жатқанына да көп уақыт болыпты. Кезінде Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде: «…Сейтқұл көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төсіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына ...

Толығырақ »