«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қазақстанның негізгі өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар ашып жатыр

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Қазақстанның негізгі өңірлерінде қоғамдық қабылдаулар ашты. Енді Астана, Алматы, Ақтөбе және Түркістан тұрғындары үшін құқықтық көмек одан сайын қолжетімді болады.

Қоғамдық қабылдауларға келген әр қазақстандыққа еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық қолдау мен тегін заңгерлік көмек көрсетіледі.

Қазақстан тұрғындары мен билік арасындағы кері байланыс орнату, әр азаматтың өзін алаңдататын мәселелер жайлы айтуына мүмкіндік беру Қордың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осы орайда Қор қоғамдық қабылдауларды, бірінші ретте, өңірлер мен республика бойынша өзекті мәселелерді шешу жолдарын жинақтайтын алаң ретінде қарастырады. Қоғамдық қабылдаулар азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру, мүдделерін қорғауға атсалысады, азаматтық институттар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.

«Әділдік және Өркендеу» Қоры қоғамдық қабылдауларға сарапшыларды шақырып, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық кездесулер, сараптамалық тыңдаулар және тағы да басқа пайдалы шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Қоғамдық қабылдауларға келген азаматтар еңбек құқықтары жөніндегі сауалдарына нақты жауап алады.

Қоғамдық қабылдаулардың ашылу салтанатында Қордың Алматыдағы белсендісі Мирас Байсейітов мына нәрсеге назар аударды:

«Қоғамдық қабылдаулар әр азаматты тыңдап, оны алаңдатып отырған сұрақтарына жауап беретін алаңға айналуы тиіс. Мұнда еңбек құқықтары бұзылған адамдар ғана емес, өмір сүру сапасын жақсартуға, билік жариялаған реформаларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстары бар азаматтық белсенділер де осында келе алады».

Қоғамдық қабылдаулардың мекенжайлары:

Астана – Сығанак көшесі, 54/2, «Номад» Бизнес орталығы, 2/1 кеңсе

Ақтөбе –Ливенцов көшесі, 4, 6 кеңсе

Алматы – Әйтеке би көшесі, 27

Түркістан – Тәуке хан даңғылы, 371, 218 кабинет

Уақыт өте келе Қор Қазақстанның басқа өңірлерінде де қоғамдық қабылдаулар ашуды жоспарлап отыр.

Өңірлік қоғамдық қабылдаулардың жұмысына Қордың «Әділеттілікке құқық» интернет-қабылдауы да қолғабыс болмақ. Оны белгілі тәуелсіз құқық қорғаушы заңгер, еңбек құқығы маманы, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас жүргізеді.

Одан бөлек, сұрақтарды Қоғамдық қордың InstagramTwitter, Facebook және Telegram ресми аккаунттарында жариялауға болады. Сондай-ақ азаматтар өз сауалдарын Қордың adildik.org.kz@gmail.com электронды поштасына жібере алады.

 

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...