Ерлан Сағадиев Қарағанды МТУ ұжымын жаңа ректормен таныстырды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев кеншілер қаласына арнайы келіп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымын жаңа ректор – белгілі ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат Ибатовпен таныстырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Таяуда Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшылығына кандидаттарды анықтау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өткен болатын. Республикалық конкурстық комиссия, әңгімелесу мен жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны талқылау нәтижесінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры лауазымына Марат Кеңесұлы Ибатовты тағайындауды ұсынды. Ректор жаңа талаптарға сәйкес, нақтырақ айтқанда, ашық конкурс әдісімен сайланды.

Бұрынғы жылдары мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрі тағайындайтын. Және оқу орындарының басшылары өз қызметтерін екі және одан да көп мерзімнен басқарып келді. Бұрын да хабарланғандай, аталған қызметке тағайындаудың жаңа жолы басқарудағы дербестікті жетілдіру мен білім сапасын арттыру, сонымен қатар олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мақсатын көздейді.

М. Ибатов ҚарМТУ үшін өз адамы: ол бұрын осы университетте факультет деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, бірінші проректор қызметтерін атқарған. Соңғы төрт жылда Теміртау қаласында орналасқан Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің ректоры болды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған тұлғалар білім алған әйгілі университетті білікті ғалым, тәжірибелі басшы М. Ибатов жаңа биіктерге көтереді деген сенім мол.

egemen.kz

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *