«Жақында «Агробизнес — 2020» бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, 2013-2017 жылдарға дейін қысқартылды. Соның орнына министрлік жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Аталған бағдарлама кейінгі 2017-2021 жылдарды қамтиды. Бүгін Үкімет сағатында ол бағдарлама таныстырылып қабылданды», — дейді Е.Аxметов. Министрліктің баспасөз қызметі xабарлауынша, бүгін Үкімет жаңа бағдарлама бойынша арнайы қаулыны қабылдап, ары қарай Президент Әкімшілігіне жіберді. Жалпы, жаңа бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 1,3 есеге артып, табыстың мөлшері 3,3 трлн-нан. 4,3 трлн. Теңгеге дейін артады деген болжам бар. Агроөнеркәсіп саласындағы өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау деңгейі 7 есеге ұлғаяды. Негізгі мақсат — отандық өнімдерді барынша көбейтіп, ішкі нарықты толтыру. Осы орайда отандық кәсіпорындардың өнім өңдеу көрсеткішін барынша арттыру жоспарланған. Ол үшін жергілікті жерде кооперативтер көптеп құрылады. Айта кетейік, қарашаның 29-ы күні өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын таныстырған болатын. Бағдарлама аясында астық алқаптарының көлемін 2,3 млн. гектарға азайту жоспарланған. Осының нәтижесінде жыл сайын 3 млн. тоннаға аз бидай жиналатын болады. Себебі бүгінде елімізде 2,9 млн. тонна бидай артылып қалып отырады. Енді, соның орнына майлы дақылдарды көптеп өсіру көзделіп отыр. Өйткені осы санаттағы өнімдердің тапшылығы бар. Мәселен, арпа (1,2 млн. тонна), қант қызылшасы (1 млн. тоннаға жуық), жүгері және тағы басқа дәнді-дақылдарға сұраныс жоғары болып тұр. Соның барлығы сырттан жеткізіледі. Ал жаңа бағдарлама аясында аталған өнімдерді өзімізде өндіріп, ішкі нарықты барынша толтыру жоспарланған. Бұдан бөлек, ет пен сүт өндірісін дамыту жұмысына баса назар аударылады. Ол үшін ауылды жерлерде кооперативтерді көптеп ашу жоспарланған. «Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70-90 пайызы қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Ал ол өнімнің бәрі зауыттарға жеткізілмейді. Соның салдарынан қайта өңдеу көрсеткіші 30 пайыздан аспай отыр. Мәселен, қазір елімізде 400-ден астам қайта өңдейтін кәсіпорын бар. Олардың барлығы тек 20-60 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа бағдарлама аясында қайта өңдеуді ұлғайтып, ішкі нарықты дайын өнімдермен барынша толтыру жоспарланып отыр. Ол үшін республика бойынша 1200 кооператив құрылады. Олар қайта өңдеуге қажетті өнімді даярлайды. Біздің есебімізге сәйкес, осы шаралардың арқасында ауыл xалқы өз өнімдерін сатып, шамамен 300 млрд. теңге көлемінде табыс таба алады», — дейді Мырзаxметов. Оның айтуынша, жаңа бағдарлама аясында мемлекет мал шаруашылығы саласының тиімділігін 40 пайызға, ал өсімдік шаруашылығын 30 пайызға дейін арттырмақшы. Министрлер кабинеті жаңа бағдарламаның енгізілуін қолдады. Алайда ресми түрде мақұлдаған жөн. Премьер-Министр Б.Сағынтаев аталған құжатты толығымен пысықтап, желтоқсан айында мақұлдауды ұйғарды. «Жаңа жылдан бастап біз жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуіміз керек»,- деді ол.inform.kz
Үкімет ауыл шаруашылығына арналған жаңа бағдарламаны мақұлдады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаметінің директоры Еркебұлан Аxметовтың айтуынша, бүгін Үкімет мүшелері агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.