АҚШ долларының бағасы 329,90 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін қазақстан қор биржасында 26 желтоқсан АҚШ, Ұлыбритания және Германияда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, USDKZT_TOM, EURUSD_TOM, EURKZT_ТОМ, EURKZT_0_001 және USDKZT_0_001 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 329,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 140 500 мың АҚШ долларын құрады; — есептесуі теңгемен Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; — есептесуі еуромен Т+0 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; — есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,4248 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 500 мың рубль болды. Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,91 теңгені (-3,18) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 331 100 мың (+168 650 мың USD). Валюталық своп операциялары нарығында: — USDKZT_1_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +8,1836 % құрады, сауда-саттық көлемі 921 000 мың USD болды; — EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ. Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.inform.kz

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *