Қостанайда сотталған бұрынғы әкімнің әйелі тәркіленген коттежді сот арқылы қайтарып алды. Бұл туралы «Наша газетаға» сілтеме жасап тілшіміз хабарлайды.
ҚР Жоғарғы сотының кассациялық алқасы сотталған бұрынғы әкімнің әйелі — Бағлан Ахметжанованың адвокаттарының шағымына қатысты шешім қабылдады. Айта кетейік, осыған дейін ҚР Бас прокуратурасына сотталған әкімге қатысты шыққан үкімге бойынша шағым түсірілген болатын.
«Өтініш үш ай бойы қаралды. Біз Бас прокуратура қарсы болып, Жоғарғы соттағылар мүлікті тәркілемейді деп сендік. Бірақ олай болмады, соттағылар өтінішімізден бас тартты. Мұнда ең негізгі мәселе — мүлік тәркіленген кезде ол сотталушыға тиесілі болмаған еді. Бірақ әкесінің жасаған қылмысына қызы жауап берді. Сотталушының қызының пәтері тәркіленді. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетке шағым түсіре аламыз. Бұл Женевада орналасқан халықаралық ұйым. Индира Ахметжанова сол комитетке де өтініш түсіре алады», — деді адвокат Снежанна Ким басылымға.
Басылым мәліметінше, Жоғарғы сот коттежді бұрынғы әкімнің әйелі — Бағлан Ахметжановаға қайтару туралы шешім қабылдады.
«Бұл соңғы шешім, оған шағым түсіруге болмайды. Біз коттежді қайтарып алғанымызға қуаныштымыз. Олар оны заңсыз түрде алмақшы болды. Маған бұл үйдің бұрын сатып алынғаны және оның сотталушының қызына тиесілі екенін бірнеше рет айтылған болатын», — деді Анна Какирова.
Еске сала кетейік, осыған дейін gosreestr.kz сайтында сотталған бұрынңы әкім Ахмедбек Ахметжановтың тәркіленген мүлігі сатылымға шығарылған болатын. 2016 жылдың сәуір айында Қостанайдың бұрынғы әкімі 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
www.ng.kz