Қостанайда жолақы қымбаттай ма?!

Жолаушылар тасымалымен айналысатын қостанайлық компаниялардың басшылары өз тарифтерін көтеру туралы өтініш білдірді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай қалалық әкімдігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Облыс орталығы әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдин бұл ақпаратты растады. Жанділдиннің мәлімдеуінше, тасымалдаушылар автобуспен жүру құнын қалаішілік маршруттарда 10-20 теңгеге көтермекші. «Тасымалдаушылардың айтуынша, қазіргі 60 теңгелік тариф автопарктің шығындарын өтемейді және дамуына мүмкіндік бермейді, — деп түсіндірді ҚазАқпараттың әңгімелесушісі. — Тарифтік өтінімдермен бірге тасымалдаушылардың талаптарына негізделген есептер қоса жіберілген».
Негізінен, қалалық көлік компанияларының иегерлері жанар-жағармай материалдары мен ескі автопарктердің қосалқы бөлшектері құнының көтерілуін сылтауратуда. Қалалық билік өтінімді бір айдың ішінде қарауы тиіс.
inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *