Қазақстан футболына ресейлік төрешілер шақырылуы мүмкін бе?

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Николай Левников Қазақстанның премьер-лигасы аясындағы матчтарға ресейлік төрешілерді шақырудың қисындылығына қатысты пікір айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейлік арбитрлер ресейлік жарыстарға төрелік етсін, ал біз өзіміздің мамандардың білігін арттырып, ең жауапты матчтарда қызмет етуге жол ашамыз, меніңше, бұдан еш мәселе болмайды», — деді ҚФФ-нің бас төрешісі. «Менде Ресей футбол одағының басшылығымен Кедендік одаққа кіретін — Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің төрешілерімен алмасу жөнінде сөйлестім. Маман алмасу бойынша мен еш жамандық көріп тұрғаным жоқ. Бірақ бұл егер ресейлік төрешілер ұйымы Ресей матчтарына қазақстандық төрешілердің қызмет көрсетуіне рұқсатын берсе ғана орын алады», — деп түсіндірді Левников. Оның айтуынша, Қазақстанда жас әрі әлеуеті жоғары төрешілер бар және оларға аяққа мықтап тұруға мүмкіндік берген жөн. Төреші ісін ұйымдастыру сапасына келетін болсақ, Левников еліміздің төрешілер корпусының деңгейі өте жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Дегенмен, Қазақстанда футбол матчтарына төрелік етудің бірқатар олқы тұстары да бар. Н. Левников олардың бірқатарына тоқталды. «Мен жиырмаға тарта кездесуді қарап шықтым, онда мен нені байқадым?! Қажет емес тоқтатулар өте көп екен: кейде арбитрлер ойынның жылдамдығын түсіріп тастайды. Бұл өз кезегінде футболдың дамуына тежеу салады. Егер тоқтатулар көп болса, ойынның қарқыны бәсеңдейді де, футболшылар көп демалады, олар сосын Еуропа Кубоктерінде бәсекелесе алмайды. Себебі онда қарқын жоғары, ойын жылдамдығы жоғары деңгейде өтеді. Осы бағытта біз жұмыс жасаймыз, болмашы қақтығыстарды азырақ тіркеп, футболшыларға «күресуге» көп мүмкіндік береміз», — дейді бас төреші. «Екінші мәселе — шығарылатын шешімдерде бірізділік жоқ. Дәл сондай фолға бір төреші «сары қағаз» көрсетсе, екінші төреші көрсетпейді, бұл жағдайларда түсініспеушіліктер пайда болады», — деді ол. Бұның алдында хабарланғанындай, ҚФФ төрешілерді артық салмақпен күресуді міндеттейтіні хабарланған болатын. Айта кетейік, Николай Левников жақында ғана Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ресей футбол одағының төрешілер комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Дегенмен Левников қазақстандықтар үшін алабөтен маман емес. 2008-2009 жылдары Николай Левников Қазақстан футбол фереациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Ресейлік маман өз мансабында ФИФА-ның xалықаралық санаттағы төрешісі болған. 1984 және 2001 жылдар аралығында ресейлік және xалықаралық матчтарда бас төреші болып жұмыс істеді. 1996 жылғы Еуропа чемпионаты, 1997 жылғы Конфедерация Кубогі және 1998 жылғы Әлем чемпионатында қызмет атқарды. 2001 жылдан бастап УЕФА инспекторы, 2004 жылғы Еуропа чемпионаты, 2004 жылғы УЕФА Кубогі және 2006 жылғы Әлем біріншілігінде еңбек етті. 2001 жылдың желтоқсаны мен 2006 жылдың тамызы аралығында Ресей футбол одағының Футбол төрешілері алқасының президенті болды. 2008-2009 жылдары Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің басшысы болды. 2012-2016 жылдары Ресей футбол одағының төрешілер комитетінің басшысы. УЕФА төрешілер комитетінің мүшесі.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *