Синоптиктер 2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуларынша, тропосферада (шамамен 5 шақырым биіктікте) орныққан оңтүстік-батыс ағынымен Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде. Бақыланып отырған ауа температурасы — климаттық нормадан 8-15 градусқа жоғары. Жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды. Сондай-ақ республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілуде.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.