Жалаңаш қыздар көрмені жарнамалап жүр екен…

 

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда орталығында іш киіммен жүрген қыздар француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалап жүрген болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Гипер Астана» көрмесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл анонс француз фотосуретшісінің алда өтетін бірегей көрмесіне арналған. «Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты — көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреулер сынға алса, кейбіреулері қолдау көрсетіп жатыр», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жан-Франсуа Розьенің «Гипер Астана» көрмесінің ашылу салтанаты 20 қаңтарда сағат 19.00-де Бейбітшілік және келсім сарайында өтеді. Көрмеде 30-дан аса эксклюзив экспозиция көрсетілетін болады.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, «Гиперфото» жобасы 2002 жылы пайда болған. Жобаның жұмыстары Лос-Анджелестегі Анненберг қорында, Мәскеудегі замаунауи өнер музейінде, Брюссельдегі мәдени-ботаникалық институтта, сондай-ақ, Луи Виттон, Бернар Магрез, Версаль сияқты коллекцияларда сақталады екен.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *