Қытайлар қысқы Универсиадаға спортшыларын қаптатады

Қытай Халық Республикасы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға тұңғыш рет спортшылардың ең көп санын жібереді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытай құрамасына 119 спортшы студент кіріп отыр, олар ойындар барысында  қысқы спорттың 12 түрі бойынша медальдарды сарапқа салады.  2017 жылдың 5 қаңтарында ҚХР-дің Харбиндегі Спорт университетінде Алматыдағы Универсиадаға қатысатын спортшылардың есімдері жарияланды. Олар — Қытайдың 7 провинциясы, автономдық аймағы мен муниципалитетінде орналасқан 17 университеттің студенттер. Аспан асты елі Қысқы универсиада ойындарына қатысқан өзінің бүкіл тарихында алғаш рет спортшылардың ең көп санын жіберіп отыр. Қытайдың Студенттік спорт федерациясы өз спортшыларының әлеуетін жоғары бағалап, мықты құрама жиналғандығын айтуда. Олар 60-тан астам спорт додасына қатысатын болады. «Біздің спортшылар Қазақстан мәдениетімен танысып, шетелдік қатысушылармен достық байланыстарды орнатады деп үміттенемін. Қабылдаушы жақ күнде дерлік бірлескен кездесулерді ұйымдастыратындықтан, түрлі елдерден келген жастар бір-бірімен достасып кетеді деген үміттеміз», — деді Универсиада-2017 ойындарындағы Қытай спорт делегациясының басшысы Янг Лигуо. Студенттер спорттағы белсенді ұстанымы арқылы Қытайдың 300 миллионнан аса тұрғынын шаңғы мен конькиді үйренуге жігерлендірмек.

inform.kz

 

 

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *