Бұл туралы «Ұлы Жібек жолында бірге» байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қытай бизнесмендері жерді жаулап алуға мүдделілік танытпайды. Олар бұл жерде қазақстандық серіктестерімен бірлесе жұмыс істеуде» деді елші. Осы ретте Қытай елшісі жер телімдерін беру мәселесін қазақстандық тарап өзі шешуі қажеттігін баса айтты. «Жаңа кәсіпорындар салу үшін жер телімдерін бөлуге қатысты айтар болсам, бұл қазақстандық тараптың қамқорлығы, ал Қытай тарапында технология да, капитал да бар. Яғни, бірлескен жұмыс, одан басқа түк те емес» деді дипломат.
inform.kz