Қалмұханбет ҚАСЫМОВ: Егер полицияға есік ашпасаңыздар…

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов уақытша тіркеуге байланысты есік ашпайтын қазақстандықтарды тексерудің басқа жолын табатынын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген Қалмұханбет Қасымов ІІМ-нің уақытша тіркелмеген азаматтарға айыппұл салуды әлі бастамағанын атап өтті. Ал «Азаматтың үйге келген полицейге есік ашпауға құқығы бар ма?» деген сұраққа ол «Жарайды, ашпаңыздар, біз тексерудің басқа амалын табамыз» деп жауап берді.

«Себебі, өздеріңіз білесіздер, Универсиаданы күтіп отырмыз. Сондықтан 4 қаңтарда жиналыс өткізіп, қалада жоспарлы түрде тексеріс басталды. Бірінші айда уақытша тіркеу бойынша тек ескерту жасаймыз. Ал кейін тәртіпке келтіру үшін шара қолданамыз. Уақытша тіркеу — бұл ең тиімді жолы. Айталық, мен қазір Астанада пәтерге кезекте тұрсам, бірақ жұмыспен Атырауға баруым керек болса, не істеуім керек? Біз оның бастапқы тұрғылықты жерінен тіркеуден шықпай, барған жеріне тіркеуге тұруға, жұмыс істеп, пәтер алуға мүмкіндік береміз» деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, таяуда басталған тексеріс Алматыдағы Универсиадаға байланысты және басқа қалаларда жүргізілмеген.

«Біз тек Алматыда тексеріс жүргіздік, бұл уақытша тіркеуге байланысты емес, басқа өңірлерде тексеріс болған жоқ. Алматыда заңсыз тұрып жатқандарды тексереміз» деді Қ.Қасымов.

 

tengrinews.kz

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *