Үкіметтің бүгінгі отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Серпін» бағдарламасын біршама өзгертуді ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ойынша, аталған бағдарламаға қатысатындардың жасын ұлғайту қажет. Себебі, жастардың бір бөлігі, олардың ішінде колледж студенттері көп жағдайда басқа жерге көшуге дайын болмай жатады.
«Бүгінде аталған жоба аясында 22 жоғары оқу орнында 8 400 студент білім алып жүр. Сондай-ақ 54 колледжде шамамен 3 мың бала оқиды. Бұл — өте пайдалы жоба. Алайда, қазіргі талдау жұмыстары кейбір жастардың, әсіресе, колледж студенттерінің дайындықсыз келетінін көрсетіп отыр» деді министрҮкіметтің бүгінгі отырысында.
Е.Сағадиев мырза аталған бастаманы тек жоғары білім деңгейінде ғана қалдыру қажет деп санайды. «Ал «Серпін» аясындағы кәсіптік-техникалық білімді жергілікті жерде қалдыруға болады. Осылайша, бағдарламаға басқа жерге көшуге әбден дайын жастарға қарай ығысады. Олар — университтегі жоғары курстардың студенттері мен магистранттар. Қаржыландыру көлемі өзгермейді» деп атап көрсетті Ерлан Сағадиев.
inform.kz