Астананың ауа райы жылынып келеді

Астанада қыс мезгілінде қардың ең көп түсуі 1928 жылы байқалса, ең қарлы ай ретінде 1930 жылдың ақпан айы саналады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Қардың түсуі туралы айтатын болсақ, ол өзгеріссіз қалған. Бұрқасынның мөлшері де азайып келеді. Бұл жерде жыл өткен сайын атмосфералық құбылыстар жиілігінің өзгерісі байқалып келетіндігін атап өту керек» деді «Қазгидромет» РМК климаттық зерттеулер басқармасының басшысы Светлана Долгих.

Қар түсуінің ең көп мөлшері 1957 жылы желтоқсанда — 15 мм, 1928 жылы — қаңтар айында (35 мм), 1930 жылы — ақпан айында (35 мм) тіркелгенін айтқан ол: «Айдағы ең көп қар түсуі 1991 жылдың желтоқсан айында — 56 мм, 1928 жылы — қаңтарда (68 мм), 1930 жылы — ақпан айында (108 мм) болған. 2016 жылдың желтоқсан айына тоқталатын болсақ, орташа көрсеткіш 22 мм болса, 49 мм жауған, бұл орташа қар түсуінің 220%-ын құрайды. Өткен жылғы қыс мез мезгілінде де қар көп жауды — 40 мм, бұл норманың 180%-ын құрайды. Біздің деректер бойынша, Астананың климаты қолайлы болып келеді. Ауа температурасы жылдың барлық мезгілінде және барлық айда жоғары жылдамдықпен көтеріліп келеді. Орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын 0,4 градусқа көтерілуде. Жалпы алғанда температура тұрақты көтерілуде», — деп қорытындылады Светлана Долгих.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *