Мәскеуліктер қазақтың саумалына қызығып жүр

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық аймағы кәсіпкерлер одағының Қазақстандағы өкілі Мария Анарбаева Мәскеуде орналасқан қазақстандық павильонның саудасы жайында айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әзірше, Мәскеудегі Қазақстан павильонында, көбінесе ірі тауар өндірушілердің өнімдері сатылады. Әлбетте, оған шағын және орта бизнестің де атсалысқаны дұрыс. Бүгінде ол жерде ұн мен ұн өнімдеріне деген сұраныс жоғары болып тұр. «Саумал» атты өнімді сату көрсеткіші де таңғалдырды. Біз дегустацияны өткізгенде оған сұраныс өте жоғары болды. Бұдан бөлек, халал тағамдарына да сұраныс жақсы. Қазір шұжық өнімдеріне тапсырыс көптеп түсіп жатыр» деді Анарбаева бүгін «Самғау» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында. Оның айтуынша, Мәскеуде сатылатын қазақстандық тауарлардың сапасы жақсы. Алайда, сыртқы орама және дизайн жағын әлі жетілдіру керек.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Самғау» ұлттық байқауының аймақтық аталымдары бойынша жеңімпаз атанған журналистер марапатталды. Алдағы наурыз айында Мәскеу қаласында байқаудың бас жүлдесі — жеңіл көлікті тапсыру рәсімі өтеді. Оған тағы 8 журналист таласып отыр.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *