ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың жабылғанын хабарлады. Ақмола облысында 21 қаңтар күні сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург — Алматы» 917-1006 км ( п. Жақсы — Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82); «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (232-260 км); «Жезқазған — Петропавловск» (377-595 км) «Екатеринбург-Алматы» (917-856 км); «Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 км) жолдарында козғалыс барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
21 қаңтар сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург — Алматы» автожолының 1280-1353 шақырымы (Жақсы кенті — Атбасар) барлық көлік түрлері үшін жабық. Алматы облысында 20 қаңтар күні сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолының 40-шы мен 80-ші шақырымында жүк және қоғамдық көлікке шектеу қойылды. Шығыс Қазақстан облысында 20 қаңтар күні сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Чарск-Бакырчик» (0-42 км), «Бакырчик-Бурсак» (0-18 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды. 20.01. сағат 17:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Новопокровка-Петропавловка-Зубайыр-Байтанат» (0-41 км) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. 21 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Өскемен-Новотроицкое» (0-22 км) жолының бөлігі жабылды.
Қостанай облысында 21 қаңтар күні сағат 10:50-де ауа райының нашаралуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Жезқазган-Петропавл» автожолының Арқалық қаласынан Ақмола облысына дейінгі 252-377 шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін жабық. Сол күні сағат 18:50-де ауа райының қолайсыздықтарына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Аркалық-Торғай» (0-288км.), «Әулиекөл-Жолдама» (0-257 км.), «Қойбағар-Севастопольский» (0-236 км.), «Әулиекөл-Ақжол» (0-130 км.) жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
22 қаңтар күні сағат 07:50-де ауа райының нашаралуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (108-232 км) жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігі барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
tobyl-torgai.kz