Астана процесінің табысты болуына мүдделі

Бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті. Бұл туралы аталған ведомствоға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Кездесудің басты тақырыбы — Астанада өтетін Сирия Араб Республикасының үкіметі мен сириялық қарулы оппозиция арасындағы ахуалды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу болды.

Де Мистура БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштың атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сириялық келіссөздер үшін алаң ұйымдастырғанына ризашылығын білдірді және БҰҰ-ның Астанадағы кездесу идеясын бірінші болып қолдағандығын атап өтті. Өз кезегінде Әбдірахманов Қазақстан БҰҰ-ын Сирия бойынша келіссөздерді ұйымдастыру процесінің жетекші қатысушысы ретінде қарастыратындығын және Астанада өтетін кездесу Женева бейбіт келіссөздерінің кезекті раундына дайындық барысына оң үлес болатындығын атап өтті. Тараптар кездесуге дайындықтың іс жүзіндегі ұйымдастырушылық аспектілерін жан-жақты талқылап, сириялық жанжалды реттеу бойынша белсенді күш-жігерді жалғастыру қажеттігін атап өтті. Әңгімелесу барысында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ-ның арнаулы елшісіне еліміздің бітімгершілік бастамалары мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезіндегі қызметінің басымдықтарын таныстырды. Дәл осы күні Әбдірахманов Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасы дегелацияларының басшыларымен кездесіп, Астанада сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге дайындықтың түрлі аспектілерін талқыға салды.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *